ЗАРЯДТЫҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ

ЗАРЯДТЫҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ – табиғаттағы кез келген тұйық жүйенің ішінде қандай үрдістер болмасын электр зарядтарының әлгі жүйедегі (электрлік оқшауланған) алгебралық қосындысы өзгеріссіз қалатындығы тұжырымдалған іргелі қатаң заңдардың бірі. Бұл заң XVIII ғасырда тұжырымдалған.

ЗАРЯДТЫҚ ЖҰПТЫЛЫҚ, С – жұптылық, С – электрмагниттік немесе күшті өзараәсерлесулер тудырған үрдістердегі нағыз бейтарап бөлшектердің (немесе бөлшектер жүйелерінің) тәртібін сипаттайтын кванттық сан. Зарядтық жұптылық ұғымы осы өзараәсерлесулердің зарядтық түйіндестер үрдісі кезінде өзгермеушілігінің нәтижесінде пайда болады. Нағыз бейтарап жүйе зарядтық жұптылық кезінде өздігінше қалады, сондықтан оның толқындық функциясы өзгермейді немесе таңбасын өзгертеді. Алғашқы жағдайда зарядтық жұптылық оң, екінші жағдайда – теріс болады, яғни зарядтық жұптылық толқындық функцияның зарядтық жұптылыққа қатысты тәртібімен анықталады. Электрмагниттік немесе күшті өзараәсерлесулер тудыратын кез келген үрдістерде зарядтық жұптылық сақталады. Фотонның зарядтық жұптылығы теріс, ал π°- және η°-мезондар үшін оң.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *