ӘБУ СУФЬЯН 

ӘБУ СУФЬЯН — меккелік ірі саудагер, құрайыш тайпасы көсемдерінің бірі. Мұхаммед пайғамбарға, ислам дініне қарсы шығып, көп кедергілер келтірген. Кейін Мәдинада Мұхаммед билігі күшейіп, ислам дінінің кең тарала бастағанына көзі жеткен Әбу Суфьян Мұхаммедпен жарасқан. Мекке жұрты Әбу Суфьян көмегімен ұрыссыз мұсылмандарға бас иді. Осман халиф тұсында Әбу Суфьянның ұлы Муауия Шам (Сирия) әмірі болып тағайындалады. Кейін Әли Әбу тәліп (Әзірет Әлі) қайтыс болған соң, билікті қолға алған Муауия омеялықтар әулеті билігінің негізін қалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *