ЗАРЯД

ЗАРЯД – физикалық бөлшектердің өзараәсерлесулері жүзеге асырылатын өрістердің көзі болып табылатын шама (электр заряды, әлсіз заряд, т.б.). Белгілі бір өзараәсерлесу типі себеп болатын бөлшектердің түрлену үрдістеріндегі сақталатын (дәл немесе жуықтап) кейбір қосынды физикалық шамалар да заряд деп аталған (мысалы, бариондық сан, лептондық сан, гиперзаряд, ғажаптық). Зарядтық түйіндестік амалы (операциясы) кезінде бүкіл заряд өз таңбаларын өзгертеді (яғни бөлшек пен антибөлшек шамалары, таңбалары бойынша қарама-қарсы). Зарядтың сақталу заңына калибрлеуіш түрлендірулерге (ішкі симметриялы кеңістіктегі түрлендірулерге) қатысты инварианттылық теория жауап береді.

Заряд ұғымы электрлік құбылыстарды зерттеуге және Кулон заңының ашылуына байланысты пайда болған. Кулон заңы екі нүктелік электр зарядының (q1 және q2) өзараәсерлесу күші Ғ бостық (вакуумда) жағдайда ܨൌ݇ݍݍȀݎଵଶ, мұндағы r12 – зарядтардың арақашықтығы. Осы өрнектегі k көбейткішінің сан мәні зарядтың электрстатикалық бірлігін анықтайды (СГСЭ). Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ-де) электр зарядының бірлігі кулон (Кл). 1 Кл = 3·109 бірлігі (СГСЭ).

Берілген өткізгіштің көлденең қимасынан белгілі бір уақытта өтетін заряд мөлшері ретінде анықталатын күші болатын электр тогын тудырады. Заряд өзінің айналасында өріс тудырады; зарядқа әсер ететін күш – зарядтың өзараәсерлесетін күші болады. Сондықтан электрстатикалық құбылыстарда q1 зарядтың екінші бір q2 зарядтың тудырған электр өрісімен өзараәсерлесуінің маңызы болмақ. Қозғалыстағы заряд, яғни электр тогы да әлгі өріспен өзараәсерлесетін магнит өрісін тудырады. Электр зарядының токпен және өріспен өзараәсерлесулері Максвелл теңдеулерімен сипатталады. Осы теңдеулер электр зарядтарының сақталу заңына әкеп соғады. Ол заң бойынша белгілі бір уақытта берілген көлемдегі (денедегі) зарядтың өзгеруі әлгі көлемге (денеге) енетін (келетін) және одан кететін (шығатын) токтардың айырымын әлгі уақытқа көбейтілген шамаға тең болады.

ЗАРЯД, электр заряды – бөлшектердің және денелердің сыртқы электрмагниттік өріспен, сондай-ақ бұлардың өздерінің электр өрісімен өзараәсерлесуін анықтайтын негізгі сипаттарының бірі. Электр зарядының шартты түрде оң және теріс заряд деп аталған екі түрі бар. Дененің электр заряды оның құрамына енетін бүкіл бөлшектердің зарядтарының алгебралық қосындысына тең. Электр заряды дискретті: ең кіші қарапайым электр заряды болады, денелер бөлшектерінің барлық электр зарядтары осы қарапайым электр зарядқа еселік болады. Электрлік оқшауланған жүйеде зарядтардың сақталу заңы орындалады. Қозғалмайтын электр зарядтарының өзараәсерлесулері Кулон заңымен, ал электр заряды мен олардың өрісі арасындағы өзараәсерлесу Максвелл теңдеулерімен сипатталады. Заттардағы өрістерді қарастырған кезде оның зарядтары еркін зарядтар және байланысқан зарядтар болып екіге ажыратылады. Электр зарядының Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі – кулон (Кл).

Бариондық заряд – қарапайым бөлшектердің бариондар үшін нөлден өзге және лептондар үшін де нөлден өзге және бұлардан басқа бүкіл бөлшектер үшін нөлге тең болатын ішкі сипаттамалардың бірі.

Индукцияланған электр заряды – бейтарап өткізгіште болатын оң және теріс электр зарядтарының ажыратылуы нәтижесінде осы өткізгіштің бөліктерінде пайда болатын электр заряды.

Кеңістіктік заряд – кез келген көлемде бытырап орналасқан электр заряды.

Қарапайым электр заряды – денелердің бүкіл электр зарядтарына еселік болатын ең кіші (минимал) электр заряды.

Лептондық заряд – қарапайым бөлшектердің лептондар үшін нөлден өзге және өзге бөлшектер үшін нөлге тең болатын ішкі сипаттамалардың бірі.

Магнит заряды – электр зарядына ұқсас және статикалық магниттік өрісті есептеу кезінде енгізілетін ұғым.

Түсті заряд – кванттық хромодинамикадағы – кварктер мен глюондардың күшті өзараәсерлесулерін анықтайтын электр зарядына ұқсас параметр.

Электронның меншікті заряды – электронның электр зарядының оның массасына қатынасы.

ЗАРЯД ТАСУШЫ, ток тасушы – электр тогының заттар арқылы өтуін қамтамасыз етуге жарамды зарядталған қозғалмалы бөлшектер немесе квазибөлшектердің жалпылама атауы. «Заряд тасушы» атауы көбінесе қатты денелерге қатысты қолданылады, мұнда өткізгіштік электрондар мен кемтіктер біріктірілген. Газдардағы заряд тасушыларэлектрондар мен иондар. Жартылайөткізгіштердегі заряд тасушылар – өткізгіштік электрондар мен кемтіктер болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *