
ЖЫЛУ БЕРУ – екі жылу тасығышты бөліп тұрған қатты қабырғалар немесе олардың арасын бөлуші беттер арқылы жылу тасығыш екі аралықта ж ы л у а л- м а с у; жылу беру едәуір ыссы сұйықтан немесе газдан қабырғаға, жылу өт- кізгіштік қабырғаға және едәуір салқын жылжымалы ортаға беруді қамтыған. Жылу беру кезінде жылудың қарқындылығы жылу өткізгіштік коэффициентімен (k) сипатталады, бұл коэффициент қабырға беті ауданының өлшем бірлігі арқылы жылу тасығыштар арасындағы температура айырымы 1 К-ге тең болған кездегі уақыт бірлігінде берілетін жылу мөлшерінің сан жүзіндегі шамасына тең. k коэффициенті ажырату бетінің бөлігі арқылы өтетін температуралық арынға (∆Т) және жылу ағынына (δQ) тәуелді: k = δQ/(∆TdS). R = 1/k шамасы жылу берудің толық термиялық кедергісі деп аталған. Мысалы, бір қабатты қабырғалар үшін
1 1
, мұндағы α1 және α2 – ыссы сұйықтан қабырға бетіне қарай және
қабырға бетінен салқын сұйыққа қарай берілетін жылу бергіштік коэффициенттері; δ – қабырғаның қалыңдығы; λ – жылу өткізгіштік коэффициенті. k – көп жағдайда тәжірибе жүзінде анықталады.
Әртүрлі дәрежеде қызған немесе бірқалыпты қызбаған денелер (орта) ара- сында қайтымсыз жылу алмасу. Жылу беру заттың агрегаттық күйіне, оның физикалық және химиялық құрамына тәуелді, жылу өткізгіштік, конвекция және жылулық сәуле шығару құбылыстары негізінде іске асырылады. Жылу беру кезінде дененің физикалық, химиялық қасиеттері өзгеруі мүмкін. Жылу өткізгіштік құбылысы көршілес атомдар мен молекулалар арасындағы жылу алмасуға негізделген. Бұл құбылыс кезінде зат алмасу болмайды.
Бір денеден (немесе оның бөлігінен) өзге денеге жылу беру: жылу өткізгіштік, конвекция және сәуле арқылы – үш тәсілмен жүзеге асырылады. Атомдар алғашқы екі тәсілде жылу көзінен кинетикалық энергия алып, соқтығысу кезінде оны көршілес атомдарға беруімен байланысты. Берік байланысқан қатты денеде соқтығысу тек көрші атомдар арасында ғана жүзеге асады, сондықтан қатты денедегі жылу беруге жылу өткізгіштік себеп болған.
Сұйық немесе газ тәрізді ортаға қозғалтқыштық тән, сол себепті ол кинетикалық энергиясы жоғары болатын атомдардың энергиясын (яғни жылуды) едәуір салқын аймақтағы өзге атомдарға бере отырып, тұтасымен қозғала алады – бұл конвекция. Бірақ жылу атомдар аралығында тікелей жанасусыз-ақ беріле алады. Мысалы, Күннің жылуы абсолют ғарыштық вакуумға қарамастан, Жерге жетеді. Жылу берудің осы тәсілі сәуле шығару арқылы беру болып табылады.