• Хас бекзаттың белгісі –
Қайғысын жұртқа сездірмес.
• Қайғы шеккен жігіттің шерін:
не бала сүю,
не лашын шүю тарқатады.
• Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
Қанаты бүтін сұңқар жоқ.
• Жүрек дертін Тәңірі де жаза алмайды.
• Өлімнен басқаның ертесі жоқ.
• Ажалды тышқанға аш мысық тап келер.
• Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
• Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.
• Ерлік өлім қадірсіз өмірден артық.
• Мысықтың өлімі тышқанға той.
• Торқалы той, топырақты өлім.
• Айдалаға атқан оқ ажалдыға тиеді.
• Ұйқы өліммен тең.
• Оқтаулы мылтық бір күн тұрса, өзі атылады.
• Абыройлы болар жігіттің алғашқы ұрлығы ашылар.
• Бара жатқанның балтасын, келе жатқанның келтесін қоймаған.
• Жаудан құр қайтқанша, жаралы қайт.
• Жауды қара қашырды,
Батыр атағын Барақ алды.
• Гүрілдеп келген жаудан
Күлімдеп келген қас жаман.
• Арыққа мінгенше аяғыңа мін.
• Біреудің баспағына өлім тілесең, өзіңнің өгізің өледі.
• Түйесі жоқ ауылға
Тайлақ атан көрінер.
• Түйені көпір астына жасыра алмайсың.
• Өлі бураның басынан тірі атан қорықпас.
• Жылқы күнде мінілсе, есек,
Айына мінілсе ат,
Жылына мінілсе, тұлпар.
• Үйде өскен бұзау түзде өгіз болмас.
• Аты семіздің жолы тегіс.
• Мысық та жолбарысша қуанады.