ТІЛДІК НОРМАЛАНУ

ТІЛДІК НОРМАЛАНУ

Тілдік норма тілдің жүйесі мен құрылымына сүйенеді.  Тілдік жүйе дегеніміз – тілде бар үлгілердің,  қолданыс типтерінің белгілі бір тәртіппен келуі, ал тілдік құрылым-осы жүйенің іске  асқан материалдық мүмкіндіктері. Норма тілдің өзі ұсынған тәртіп, ал нормалану сол тәртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы. Тілдік норманың табиғаты екі түрлі: бірі – тілдің өзінде қалыптасқан нормалар, екіншісі – ереже бойынша ұсынылған нормалар. Мысалы,  қазақ тіліндегі септеу, жіктеу парадигмалары, сын есім шырайлары, етістіктің етіс тұлғалары, шақтық мағыналары тілдің өзінде ертеден қалыптасқан, әбден орныққан, жүйеге арналған заңдылықтар. Ал мен (пен, бен) шылауын қосымша  ретінде танытып, жетінші септік — көмектес септігінің көрсеткіші ретінде ұсынып, оны өзге септік жалғаулары сияқты қосып жазу нормасы – қолдан жасалған», яғни ережемен реттелген норма. Сөйтіп, тілдік норма дегеніміз – көпшіліктің  қатынас құралы ретіндегі тілдің қолданысында оның әлдеқайда орныққан, дәстүрлі құралдары, амал-тәсілдері, тәртіптері, норма тіл-тілдің қай-қайсысының да даму кезеңдерінің баршасына  тән құбылыс. Тілдік нормалар, тілдің өзі сияқты, тарихи-өзгермелі құбылыс. Тілдік норма деп тану үшін оған қойылатын шарттар болуы қажет: 1. Норма сол тілдің табиғи,  құрылымдық өзіндік заңдылықтарына сәйкес болуы керек, яғни тілдің грамматикалық  құрылысының, сөз қолданысының, сөз жасамының, мағына құбылтуының,  сөз сазының табиғи заңдарына қайшы келмейтін тұлға тәсілдер норма болып саналады. Мысалы, адамның қызмет түрін, мамандығын, кәсібін білдіретін –шы жұрнағы тек қазақ тілінде емес, араб-парсы, орыс тілінен енген сөздерде де жаңа тұлға жасайды: әдебиетші, тарихшы, гипнозшы, парламентші, саботажшы, т.б. туынды сөздердің еркін жасалуына жалпы тілдік модель негіз болған. 2. Тілдің қатынас құралы ретінде қалың жұртшылықтың әрдайым қолданысында болатындығы, яғни әлеумет  дұрыс деп тауып, көпшілік болып әрдайым қолданып отыратын сөздер, грамматикалық тұлға-тәсілдер, сауатты жазу, сөзді дұрыс дыбыстау үлгілері норма болып табылады. Бұрынғы дәуірлерде «қатын» сөздері норма болған болса, бұл күндері (оларды) оның мағынасы тұрпайы стиль элементіне ауысқан. Қазіргі қазақ әдеби тілінде оның орнына жаппай, кең қолданыстағы «әйел» сөзі жұмсалады. 3. Оның әлеуметтік қолдау табуы, яғни қалың жұртшылықтың белгілі бір сөздің, тіркестің, грамматикалық тұлғаның, жаңадан жасалған не өзге тілдерден енген сөздердің осы мағынада қолданысы, осы тұлғада айтылуы дұрыс, сөздердің сөйлеу үстінде осылайша дыбысталуы жөн деп мақұлдауы. Белгілі бір тілдік жаңа норманың көпшілік дұрыс деп танып, жаппай қолданып кетулеріне ол норманың ережемен бекітіліп, хатқа тіркелуі бірден-бір рөл атқарады. Әсіресе, баспасөз беттерінде, радио мен теледидарда жиі қолданыстарды да көпшілік қауымның қабылдап кетуіне үлкен әсерін тигізді. Мысалы, оқырман, көрермен, тыңдарман немесе оқу лық, әдістемелік анықтамалық деген жаңа тұлғаларды қазіргі буын жасанды сөз деп танымайды. Тілдік норма тек жазба әдеби тілдің нысаны емес, диалектілік сөздердің де, тіпті қарапайым сөз қолданыстарының да нормасы болады. Демек, ауызекі сөйлеуде де белгілі бір нормаларға сүйенуіміз қажет. Бірақ тілдік норманың жазба және ауызекі қолданыстағы бөлінісі олардың түп-тамырымен өзгеше болатындығында емес, белгілі нормаларды қолдану  міндетті түрде болатын-болмайтындығында, сонымен бірге жазба әдеби тілдің нормалары кодификацияланады (хатталады, тұрақтандырылады), ал ауызекі  сөйлеу нормалары кодификацияланбайды, яғни онда еркіндік көп болады.

                                      Р.Сыздық. Тілдік норма және оның қалыптануы.

                                   – Алматы, 2

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *