ӘБУ САИЙД АБДАЛЛАҺ ӘЛ-БӘЙЗАУИ

ӘБУ САИЙД АБДАЛЛАҺ ӘЛ-БӘЙЗАУИ, Әбу Сайид Абдаллаһ бин Мұхаммед бин Әли Әбу-л-Файр әд-Дин әш-Ширази әл-Бәйзауи (т. ж. б. — деректерде әр түрлі көрсетіледі: 1282; 1286; 1291/99, 1310, 1326) — хадисші, тіл маманы, заңгер, философ, тарихшы. Ширазда, Тебризде қазы болған. Ол “Әнуар әл-тәнзил уә асрар әл-тә уил” (“Дүниенің аян беруі және түсінік сырлары”), “Минһадж әл-усул ила ул-усул” (“Заңтану негіздерін білу жолы”), “Низам әл-тауарих” (“Жүйелі баяндаудың тарихы”) аталатын т.б. бірқатар еңбектер жазған. Соңғы еңбекте “Евфраттан Жейхунға және араб иеліктерінен Ходжент маңына дейін созылған Иран жерінің билеушілері мен патшалар әулеті тарихының қысқаша шежіресі” баяндалған. Шамамен 1275 — 76 ж. жазылған бұл шығарма:1)он пайғамбардың тарихы (Адам атадан бастап);2)Иранның ежелгі патшаларының 4 әулетінің тарихы (мифтік патшалардан Сасан әулетіне дейін);3)араб халифалары үш әулетінің тарихы;4)бұдан кейінгі сегіз әулеттің тарихы (Ирандық монғолдармен аяқталады) атты төрт бөлімнен тұрады. Шығармада Қазақстан тарихына қатысты мағлұматтар да кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *