ЖАРЫҚТЫЛЫҚ

ЖАРЫҚТЫЛЫҚ – жарқырауық беттің берілген бағытта жарық шығаруын сипаттайтын шама. Жарықтылық белгілі бір бағыттағы жарық күшінің (І) жарқырауық бет ауданының (S) сол бағытқа перпендикуляр жазықтықтағы проекциясына қатынасы арқылы өлшенеді: B = I/S·cosα, мұндағы α – жарқырауық бетке түсірілген перпендикуляр мен жарық күші бағытының арасындағы бұрыш.

Ол Халықаралық бірліктер жүйесінде нитпен (кд·м2) өлшенеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *