
ЖАРЫҚТАН АСҚЫНЖЫЛДАМДЫҚ – берілген ортада дыбыстың таралу жылдамдығынан артық жылдамдықпен қозғалатын ортаның немесе ортадағы дененің қозғалыс шапшаңдығы. Салыстырмалық теориясы бойынша кез келген сигнал жарықтың вакуумдағы жылдамдығынан (с) артық жылдамдықпен тарала алмайды. Барлық тербелмелі қозғалыстар т о п т ы қ жылдамдық және ф а з а л ы қ жылдамдықпен сипатталады. Сыну көрсеткіші n>1 болатын ортадағы материалдық бөлшектің жылдамдығы жарықтың сол ортадағы жылдамдығынан артып кетуі мүмкін. Зарядты бөлшектің мұндай ортадағы қозғалысы кезінде Черенков сәулесі (Черенков – Вавилов сәуле шығаруы) пайда болады. Оның жылдамдығы с/n-артық болуы мүмкін.