
ЖАРЫҚТАЛҒАН ОПТИКА – оптикалық бөліктердің беттеріне қалыңдығы оптикалық сәуленің толқын ұзындығына қарайлас жарықты жұтпайтын пленкалар қаптау арқылы әлгі беттердің сәуле шағылдыру коэффициенттерін кеміту. Жарықтағыш пленкасыз, тіптен сәулелердің қалыпты түсуі кезінде түсетін сәуленің 10% қарқындылығы жарықтың шағылдырылуы себепті шығындалады. Беттер саны көп оптикалық жүйелерде (мысалы, объективтерде) жарықтың шығыны 70%-дан асады. Жарықты сындырушы беттерден көптеген рет шағылу аспаптар ішінде жарықтың шашыратылуының пайда болуына әкеп соқтырады, бұл жайт аспаптардың оптикалық жүйелері тудыратын кескіндердің сапасын нашарлатады. Осы қажетсіз құбылыстар жарықталған оптика арқылы жойылады. Жарықталған оптика – ж ұ қ а қ а б а т т а р оптикасының маңызды қолданылуының бірі болып табылады. Жарықталған оптика – жарықтаушы пленканың алдыңғы (үстіңгі) және артқы (астыңғы) шекараларынан шағылыстырылған жарық интерференциясының нәтижесі; бұл оптика шағылысқан жарық толқындарының өзара «өшірілуіне», сондықтан өтетін жарықтың қарқындылығының күшеюіне әкеп соқтырады. Егер жұқа пленканың қалыңдығы жарық толқыны ұзындығының төрттен бір үлесінің тақ санына тең болса, ал пленканың сыну көрсеткіші n2 мына n22 = n1n3 теңдігін қанағаттандыратын болса (мұндағы n1 және n2 – пленканың сыну көрсеткіштері) түсу бұрышы қалыпты жағдайға жақын болған кезде жарықталу эффектісі ең үлкен мәнге ие болады. Жарықталу эффектісі ортаға түсетін электрмагниттік сәуленің қарқындылығы артқан кезде резонанстық жұтылу жылдамдығының кемуі. Бұл эффектінің себебі – резонанстық ауысудың қанығуы (энергия деңгейлерінің қоныстануының теңгерілуі) болып табылады. Сәуле қарқындылығының артуы орта деңгейлерінің толымдылығын теңгереді. Осы жағдайда жұтылу шамасы релакция үрдісінің жылдамдығымен, яғни қоздырыл- ған атомның қоршаған ортаға энергия беру жылдамдығымен анықталатын болады.
ЖАРЫҚТАЛУ – жарықталатын беттің бірлік ауданына түсетін жарық ағыны. Жарықталудың бірлігі л ю к с және ф о т [1 фот = 104 люкс (лк)]. Энергетикалық жүйелерде фотометриялық ұқсас шама энергетикалық жарықталу немесе сәулелену деп аталған.