
ЖАРЫҚ ДҮМПУІ, ж а р ы қ т ы ң т е б у і – 1) Атомның жарықтық дүмпуі – фотон тарататын (шығаратын) атомның фотонның ұшып шығу бағытына қарама-қарсы бағытталған дүмпу (тебілу) импульсін алатын жарықтың қозғалтқыштық әсері. Өздік сәуле шығару кезінде әртүрлі атомдар тобы кез келген бағыттан дүмпу импульстерін алады; еріксіз сәуле шығару кезінде белгілі бір бағыттан ғана дүмпу импульсін алады. 2) Жарық көзінің жарықтық дүмпуі – жарық көзі тарататын (шығаратын) жарық ағынының осы жарық көзі тұтынатын қуатқа қатынасы. Ваттқа шаққандағы люменмен өлшенеді (лм/Вт); жарық көздерінің үнемділігінің сипаттамасы болады; жалпы мақсаттағы қыздыру шамдарының жарықтық дүмпуі 8 – 20 лм/Вт, люминесценциялы шамдардікі – 90 лм/Вт-қа дейін, металгалогендік және натрийлік шамдарда – 130 лм/Вт-қа дейін жетеді.