ЖАРТЫЛАЙ ЫДЫРАУ ПЕРИОДЫ

ЖАРТЫЛАЙ ЫДЫРАУ ПЕРИОДЫ (грекше «периодос – белгілі бір уақыт аралығы») – бастапқы радиоактивті ядролар санының орташа есептен екі есе кему уақытының аралығы. t = 0 уақыт сәтіндегі радиоактивті ядролар (N0) санының (N) уақыт бойынша кемуі мына заң бойынша анықталады: N = N0eλt, мұндағы λ – радиоактивті ыдырау тұрақтысы. t = 1/λ шамасы радиоактивті ядролардың орташа «өмір сүру» уақыты деп аталған. Жартылай ыдырау периоды Т1/2 t және λ шамаларымен: Т1/2 = tln2 = 0.693/ λ қатынасымен байланысқан. 238U (уран-238дің) Т1/2 = 4,49·109 жылға тең.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *