ЖАРТЫЛАЙӨТКІЗГІШ МАТЕРИАЛДАР

ЖАРТЫЛАЙӨТКІЗГІШ МАТЕРИАЛДАР – температураның кең алқапты аралығында, оның ішінде бөлме температурасында (Т~300 К) жартылайөткізгіштік қасиеттері айқын білінетін, жартылайөткізгіштік аспаптар жасауға қолданылатын заттардың жиынтығы. Барлық жартылайөткізгіштік материалдар бірнеше топқа жіктеледі: 1. Қарапайым материалдар: Ge, Si (және бұлардың қатты ерітінділері), көміртегі (алмас және графит), В, қалайы, Те және Se. Ge және Si атомдарында 4 валенттік электрондар болады, олар алмастың кристалдық торына ұқсас кристалдық тор түзеді, мұнда әрбір атомның 4 жақын көрші атомы болады, атом осылардың әрқайсысымен коваленттік байланыспен жалғасқан. Ge және Si монокристалдары негізгі жартылай өткізгіштік материал болып табылады. 2. Периодтық жүйенің ІІІ және V тобындағы элементтердің қосылысы. Кристалдық торының байланысы коваленттік байланыс сипатында. 3. Периодтық жүйенің ІІ және VІ, ІV және VІ тобындағы кейбір элементтердің қосылыстары, мысалы, ZnS, CdS, CdTe, PbTe. 4. Периодтық жүйенің VІ тобының (О, S, Se, Te) І – V тобының кейбір элементтерімен қосылыстары, 5. Периодтық жүйенің ІІ – ІV – V тобының кейбір элементтерінің қосылысы, мысалы CdSnAs2, CdGe, As2, ZnSnAs2 т.б. және осылардың негізіндегі ерітінділер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *