
ЖАҢҒЫРЫҚ – әр түрлі тосқауылдардан (үй қабырғасынан, таудан-тастан, орман т.б.) шағылған және бақылаушы еститін толқындар (акустикалық, электрмагниттік
т.б.). Акустикалық жаңғырықтың мысалы, дыбысты жақсы шағылдыратын беттен қысқа уақытқа созылған дыбыс импульсін (соққы, қысқа уақытқа созылған айқай) бақылаушы шағылған сигнал ретінде еститін болады. Естілген және таратылған импульс 50–60 миллисек (мсек) уақыт аралығымен бөлініп таратылғанда ғана, біз жаңғырықты ажыратып ести аламыз. Жаңғырықтың бірнеше түрі бар. Көптеген рет қайталанбалы жаңғырық дыбысты шағылдырушы бет бірнешеу болғанда (мысалы, таулы жерлерде т.б.) байқалады. Көптеген рет қалықтаушы жаңғырық дыбыс көзі тұйықталған көлемде орналасқан кезде пайда болады. Соңғы жаңғырық түрі ашық кеңістікте де, мысалы теңіздерде көптеген шағылдырушы және
1-сызба. Дыбыстың ай-
шашыратушы объектілер болған кезде естіледі. наладан шағылысуынан Гармониялық жаңғырық жиілік спектрі кең дыбыстың пайда болатын жаң- ғырық
түрлі тосқауылдан шашырауынан туады.
Дыбыстың таралу жылдамдығы (с) мен жаңғырықтың кешігу уақыты (τ) бойынша шағылдырушы бетке дейінгі қашықтық r=c·τ/2. Жаңғырық-сигналдардың гидролокацияда, навигацияда қолданылуы осы принципке негізделген. Мысалы, эхолот – ультрадыбыстың теңіз түбінен шағылу уақытын өлшей отырып, оның тереңдігін тез анықтай алады. Жаңғырықтың әсерлері ультрадыбыстық дефектоскопияда да кең қолдау тапқан. Бұларда шағылу көздері денелердің құрылымдарындағы ақаулар (сызат, қуыс) болады. Көптеген жануарлар (мысалы, жарғанаттар, дельфиндер т.б.) жаңғырықты бағдарлау мақсатында пайдаланады.
Дыбыс толқындары бір мезгілде бірнеше нысаннан (объектіден) шағылғанда жаңғырық сонша рет қайталанады. Бұл құбылысты 2-cызбадан аңғаруға болады.
2-сызба. Екі рет қайтала- О нүктесіндегі дыбыс көзінен натын жаңғырықтың пайтаралған толқынның біреуі
да болуы
1-нысаннан (L1 қашықтықтағы)
екіншісі 2-нысаннан (L2 қашықтықтағы) шағылған дыбыс толқындарынан естіледі. Ойлы-қырлы жазық далада ауа ысыған кезде кейбір биік нысандардан дыбыс
толқындары шағылып естіледі де кешкілік ауа салқын- Кей кезде жазық далада биік нысаннан (объектіден)
дағанда жаңғырық естілмейтін болады. Мұның себебі жаңғырықтың естілмей қа-
неде? лу себебі
Енді осыны түсіндірейік. Оптикалық рефракция құбылысы кезінде жарықтың біртекті болмайтын ортада таралуы түзу сызықты бағытынан ауытқып бұрылатыны белгілі. Дәл осы құбылыс дыбысқа да ортақ.
Дыбыстың таралу жылдамдығы ауаның (яғни ортаның температурасына тәуелді, сол себепті дыбыс таралатын ауаның әрбір нүктесіндегі жылдамдығы әрқилы болады. Ауа жылынғанда дыбыстың жылдамдығының артумен қатар оның таралу траекториясының ауытқуының дөңестік жағы жылы ауа қабаты жағында пайда болып, дыбыс толқындары сызбада көрсетілгендей жоғары қарай (аспандап) ауытқитын
Таулы аймақтағы көлдер-
дің айналасындағы нысан- болады да жолында ешқандай шағылдырушы бет дардан шағылған жаңғы- кездеспегендіктен жаңғырық естілмейді. Осы айтылған рықтың аспан жақтан ес- құбылыс салдарынан жоғарыда айтылған жазық даладағы
тілу құбылысы жаңғырықтың бірде естіліп, кейде естілмей қалады.
Р е ф р а к ц и я құбылысы кейде жаңғырықтың естілуіне жағдай тудырады. Осы құбылыс негізінде таулы аймақтағы көлдер маңайында жаңғырық аспан тұстан (яғни биіктен) естіледі. Сызбаға қараңыз. Таулы аймақтағы көлдің суы әрқашан салқын болатынын білеміз. Ал көлдің үстіндегі ауа қабатының температурасы биіктеген сайын жылырақ болады. Сондықтан дыбыстық толқынның таралу траекториясының дөңес жағы жылы ауа жағына қарай көтеріліңкі болмақ (жарық та осылай болатын). Сол себепті көлдің жиегіндегі тұстан шағылған жаңғырық аспан (яғни биіктен) жақтан естілетін болады.