ЖАНУ ЖЫЛУЫ

ЖАНУ ЖЫЛУЫ, к а л о р и я л ы қ – отынның толық жануы кезінде бөлінетін жылудың мөлшері; д ж о у л ь м е н немесе к а л о р и я м е н өлшенеді. Отынның масса немесе көлем бірлігіне жатқызылған жану жылуы меншікті жану жылуы деп аталған; мұны анықтау үшін калориметриялық әдістер қолданылады. Егер отынның құрамындағы су немесе сутек жанған кезде, жанудың ақырғы «өнімі» (күлі) сұйық түрінде кездесетін болса, онда бөлінетін жылу жоғарғы жану жылуымен (Qж), егер су бу күйінде кездессе, онда жану жылуы төменгі жану жылуымен (Qm) сипатталады. Төменгі және жоғарғы жану жылулары мына қатынаспен байланысқан Qж = Qm + k(W+9H), мұндағы k = 25 кДж/кг (6 ккал/кг).

Салыстыру есептеулерінде ш а р т т ы  о т ы н деп аталған меншікті жану жылуы қолданылады: 29308 кДж/кг (7000 ккал/кг). Бұл шама сутектің меншікті жану жылуынан 4,87 есе аз (142868 кДж/кг).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *