ЖАНАСПАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР

ЖАНАСПАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР – екі қатты денелердің өзара жанасу аймақтарында пайда болатын электрлік құбылыстар. Жартылайөткізгіш – жартылайөткізгіш жанаспаларында немесе металл – жартылайөткізгіш жанаспаларында болатын құбылыстар мысал бола алады. Егер әртүрлі екі өткізгіш бір-бірімен жанастырылатын болса, онда бұларды ажыратып тұрған шекаралар арасында электрондардың диффузиясы себебінен электрондар алмасады. Жанасушы денелердің электрондар шығару жұмыстарының шамаларының айырмашылығынан олардың бір-бірімен қарсы кездесуші диффузиялық ағындары бірдей болмайды. Осының нәтижесінде ажыратылу шекарасының екі жағында шамалары бойынша тең және таңбалары бойынша қарама-қарсы орны толтырылмаған зарядтар (шығару жұмысы аз болатын дене оң зарядталады, ал шығару жұмысы көбі – теріс зарядталатын болады) пайда болады. Жанасу аймағында электр өрісі пайда болып, оның әсерінен ажыратылу (бөліну) шекарасы арқылы электрондар ығып (яғни шекара арқылы) өтетін болады. Жанасушы денелердің Ферми деңгейлерінің үйлесуімен сипатталатын термодинамикалық тепе-теңдік күйде ыққан және диффузиялық ағындар теңгеріледі де бір-бірінен ажыратылу шекарасы арқылы өтетін қорытқы ағын нөлге тең болады. Өткізгіштер арасында потенциалдар (Uж) айырымы орнығады, бұл кернеу электронның (е) зарядына меншіктелген жұмыстар айырымына тең. Жанасу аймағында негізі заряд тасушылар кернеу (Uж) таңбасына тәуелді біріккен немесе байытылған кеңістіктік зарядтар қабаты пайда болады. Металдың жартылайөткізгіштің n-типімен жанасқан жағдайда жартылай өткізгіштің шығару жұмысы металдікінен аз болғанда біріккен қабат, ал керісінше жағдайда байытылған қабат пайда болады.

Әртүрлі екі өткізгіштердің жанаспаларынан ток өткенде жанаспада токтың өту бағытына тәуелді түрде жылу шығарылады немесе жұтылады және де жанаспа не қызады, не салқындайды (Пельтье эффектісі). Егер электр тізбегінде әртүрлі температуралы екі жанаспа болса, онда бұл тізбекте т е р м о э л е к т р- л і к қ о з ғ а у ы ш  к ү ш пайда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *