
1. Сөйлеу тілінің нормасы.
2. Тіл кемістігі.
3. Сөйлеу тілінің дамымауы.
4. Сөйлеу тілінің бұзылысы.
5. Сөйлеу тілінің жойылуы.
6. Сөйлеу тіл бұзылыстарының себептері.
Дәріс тезистері: Логопедияда сөйлеу тілінің қалыпты дамуы мен бұзылысын ажырату ең маңызды болып табылады. Сөйлеу тілінің нормасы — көпшілік мақұлдаған сөйлеу тіл әрекетінде сөйлеу тілін қолданудың жалпы нұсқалары деп білеміз. Қалыпты сөйлеу тіл әрекетінде сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмідері сақтаулы болады.
Тіл кемістігі деп сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтады. Коммуникативті теория бойынша сөйлеу тілі бұзылысы – ол вербальды қатынастың бұзылуы деп есептеледі.
Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегідей белгілерімен сипатталады:
• өз бетінше жоғалмайды, қайта бекиді;
• логопедиялық ықпал жасауды талап етеді;
• сөйлеушінің жасына сәйкес келмейді,
• баланың одан ары дамуына жағымсыз әсерін тигізеді.
• тіл білмейтіндік, диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды.
Мұндай сипаттама сөйлеу тілінің бұзылыстарын баланың жас ерекшеліктерінен, бала мен ересектердің уақытша сөйлеу тілінің бұзылыстарынан, диалектілерден ажыратуға мүмкіндік береді.
Логопедияда тіл бұзылысын білдіретін «сөйлеу тіл кемістігі», «тіл ақаулығы», «сөйлеу патологиясы», «сөйлеу тілінің ауытқуы, «сөйлеу тілінің бұзылысы» және «сөйлеу тіл дамымауы» деген ұғымдар қолданылады.
Сөйлеу тілінің дамымауы — кейбір сөйлеу функцияларының немесе сөйлеу жүйесінің қалыптасуының төмен денгейі.
Сөйлеу тілінің бұзылысы — сөйлеу әрекетінің механизмдерінің жұмысының қалыптан ауытқуы, бұзылуы. Мәселен, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының жетілмеуінде тілдің морфологиялық жүйесін менгеру, сөйлемнің синтаксистік құрылысы денгейі өте төмен болады. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының бұзылуы оның аномальды қалыптасуымен және аграмматизмдермен сипатталады. Жалпы сөйлеу тілі дамымауында сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуы байқалады (фонетикафонематикалық, лексикалық, грамматикалық жағының). Жалпы сөйлеу тілі дамымауының механизмі әр түрлі болуы мүмкін, соған байланысты ауытқудың құрылысы да әртүрлі болуі мүмкін. Ол дизартрияда, алалияда, т.б. тіл кемістіктерде байқалуы мүмкін.
Логопедияда «сөйлеу тілі дамуының бұзылуы» және «сөйлеу тілінің тежелуі» деген ұғымдар қолданылады. Сөйлеу тілінің дамуының бұзылуы кезінде сөйлеу процесінің онтогенезде бұзылуы байқалса, ал сөйлеу тілінің тежелуі дегеніміз сөйлеу тілінің дамуының темпінің тежелуі. Бұл жағдайда баланың сөйлеу тілінің даму денгейі жасына сай келмейді.
«Сөйлеу тілінің жойылуы» деген ұғым бас миының оқшауланған немесе диффузды зақымының салдарынан қалыптасқан сөйлеу дағдыларының және қатынас икемділігінің жойылуын білдіреді. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
3. Мастюкова Е. М. Ребенок с отклонениями в развитии. – М., 1992.
4. Логопедия / Қ. Қ.Өмірбекова, Қ. Серкебаев.-Алматы, 1996.
5. Қ. Қ.Өмірбекова Логопедиялық терминологиялық сөздігі. Алматы, 2005
4. Понятийно-терминологический словарь логопеда /В. И. Селиверстовтың ред. – М. 1997.
5. Хватцев М. Е. Логопедия // Р. И. Лалаева мен С. Н. Шаховскаяның ғылыми ред. 1кіт. – М., 2010.