Сөйлеу тілінің бұзылуын анықтау

1. Диагностикалық іс-әрекет. Тексерудің негізгі мақсаттары мен міндеттері.
2. Логопедиялық тексеру қағидалары.
3. Логопедиялық тексеру түрлері. Логопедиялық тексерудің кезеңдері. Логопедиялық тексерудің әдістері. Балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтаудың тәсілдері. Анамнез жинау. Артикуляциялық аппаратты тексеру.
4. Дыбыс айтуды тексеру. Сөздің буындық құрылысын тексеру. Фонематикалық қабылдауын тексеру. Фонематикалық талдау және жинақтауын тексеру. Сөздік қорын тексеру. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру.
Байланыстырып сөйлеуін тексеру. Сөйлеу тілін түсінуін тексеру. Жазуын тексеру. Оқуын тексеру.
5. Дислексияны ерте анықтау (А.Н. Корнев бойынша).
6. Сөйлеу тілінің шапшандығы және жатықтығын тексеру.
Дәріс тезистері: Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек. Сөйлеу тілі жүйелерінің қай бөлігінің ақауланғанын анықтай білу және тексеру барысында алынған мағлуматтарды сапалы талдау қажет.
Сөйлеу тілінің бұзылуын анықтау теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы зор мәселе болып табылады. Анықтау немесе диагностикалау барысында тек сөйлеу тілінің бұзылу түрі ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар түзету-логопедиялық жұмысын мақсатты, нәтижелі ұйымдастырудың жағдайлары анықталады.
Диагностикалық іс-әрекеті — түрлі тексеру тәсілдерін пайдалану үрдісінде сөйлеу жүйесінің әртүрлі компонентерінің бұзылуын анықтау мен қатар, оның сипаты, денгейі, күрделілігі және болашақ мүмкіндігі анықталады.
Тексерудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
-ата-ана мен педагогпен әңгімелесу және құжатармен танысу барысында баланың тәрбие жағдайы мен дамуын анықтау;
-жетекші әс-әрекетінің денгейін анықтап жас мөлшеріне сәйкестендіру;
-танымдық процестерінің, эмоционалдық тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
-байланыстырып сөйлеуін анықтау;
-тіл жүйесінің компоненттерін меңгеру денгейін анықтау.
Логопедиялық тексеру барысында алынған мағлуматтарды жинақтап, талдап, сөйлеу тілінің бұзылуын анықтауда толығымен келесі қағидаларға сүйену қажет:
-даму қағидасы;
-жүйелік;
-сөйлеу тілінің бұзылыстарын психикалық дамудың басқа жақтармен байланысты көрсету.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Өмірбекова Қ.Қ, Өмірбекова С.Ж. Сөйлеу тілін тексеру әдістері.
Алматыкітап, 2002.
2. Выявление и преодоление речевых нарушений в дошкольном возрасте. И.Ю. Кондратенко. М., Айрис Пресс, 2005.
6. Грибова О.Е. Технология логопедического обследования. Методическое пособие. М.
Айрис Пресс, 2005.
3. Калягин В.А., Овчиникова Т.С. Энциклопедия методов психолого- педагогической диагностики лиц с нарушениями речи. С.-П., 2004.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *