ЕРКІНДІК ДӘРЕЖЕСІ

ЕРКІНДІК ДӘРЕЖЕСІ – физикалық жүйе параметрлерінің өзгерістерінің нәтижесінде осы жүйе күйінің (дербес жағдайда қалпының) тәуелсіз мүмкін болатын өзгерістерін сипаттайтын параметрлер. Механикадағы еркіндік дәрежесінің саны жүйені құрайтын бөлшектердің санымен және оған түсірілген механикалық байланыстармен анықталатын тәуелсіз орын ауыстыруларға сәйкес болатын параметрлер. Еркіндік дәреже саны классикалық статистикалық механикада қолданылатын және энергия еркіндік дәрежесі бойынша бірқалыпты таратылған жағдайда көпатомды газдар мен қатты денелерді жоғары температуралар кезінде бағалауға мүмкіндік береді. Бірақ әдеттегі (бөлме) температурасы кезінде барлық еркіндік дәреже көпатомдық газдардың жылусыйымдылығына түгелдей үлес қоспайды, олардың кейбіреулері «істен шығып қалған», себебі олар тек жеткілікті жоғары температура кезінде ғана қозады.

Еркіндік дәрежесі кванттық механикада гамильтониан жүйесін анықтайтын тәуелсіз координаттарға сәйкес болады. Үздіксіз өрістерді шектеулі еркіндік дәрежелермен сипаттауға болмайды.

Еркіндік дәрежесі термодинамикада – термодинамикалық тепе-теңдік жүйенің күйін анықтаушы тәуелсіз термодинамикалық параметрлері болады. Термодинамикалық тепе-теңдік жүйенің еркіндік дәрежесінің саны (f ) Гиббстің фазалар ережесімен: f=k – φ+2, (мұндағы k – компоненттер саны, φ – фазалар саны) анықталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *