ЕКІНШІРЕТТІК ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЭМИССИЯ (латынша «эмиссия – шығару») – қатты және сұйық денелердің (эмиттерлердің) электрондармен атқыланған (соққыланған) кезінде электрондар шығаруы. Біріншіреттік эмиттердің қалыңдығы біріншіреттік электрондардың еркін жолы ұзындығынан кіші болған кезде екіншіреттік электрондар соққыланатын жағындағы беттен де («шағылыстырушы» екіншіреттік электрондық эмиссия), сондай-ақ оның қарама-қарсы жағындағы беттен де электрондарды «қағып» шығарады. Екінші реттікэлектрондардың үздіксіз энергетикалық спектрі біріншіреттік электрондардың энергиясының 0 (нөлден) бастап ࣟ0 энергиясына дейінгі энергиясына тең болады. Денені соққылайтын электрондар – біріншіреттік электрондар, ал денеден ұшып шығатын электрондар – екіншіреттік электрондар деп аталады. Біріншіреттік электрондардың біразы(серпімді шағылысқан біріншіреттік электрондар) энергия шығынысыз, ал қалған бөлігі (серпімсіз шағылысқан электрондар) өз энергиясын жоғары энергетикалық деңгейлерге көшетін қатты дене электрондарын қоздыруға энергия жұмсай отырып шағылысады. Егер олардың энергиясы мен импульсі дене бетіндегі потенциалық тосқауылды жеңуге жеткілікті болса, онда электрондар дене бетінен ұшып шығады (нағыз екіншіреттік электрондар). Электрондардың осы үш тобы да екіншіреттік электрондар ағынын туғызуға қатынасады.
ЕРЕЖЕ – белгілі бір жағдай, заңдылық, тұрақты қатынас, құбылыс т.б.
мәселелер нұсқау түрінде сипатталатын қысқаша тұжырым.
Бұранда ережесі – берілген электр тогына сәйкес болатын магнит өрісінің индукциялық сызықтарының бағытын анықтайтын ереже.