ЕКІНШІРЕТТІК КВАНТТАУ – тәуелсіз айнымалы толқындық функция ретінде жеке бөлшектердің дара күйлерінің бөлшектер саны – толтыру сандарынан құралған кванттық жүйені сипаттау әдісі. Мұны 1927 жылы ағылшын физигі Поль Дирак (1902 – 1980) бозондар үшін дамытқан, 1928 жылы американ физигі Юджин Вигнер (1902 – 19.1.1995), неміс физигі Паскуаль Иордан (1902–1980) фермиондарға қолданған. Екіншіреттік кванттау берілген күйлердегі бөлшектер санын 1-ге арттыратын және кемітетін (олар бөлшектердің туу және жойылу операторлары деп аталады) операторларды ендірумен жүзеге асырылады.
Екінші реттік кванттау әдісі бөлшектер саны өзгермелі жүйелерді сипаттаушы релятивтік теорияға қажет (өрістің кванттық теориясындағы). Өрістер функциялары (мысалы, электрмагниттік) әсері кванттық өрістердің тууын және жұты- луын өрнектейтін операторлар ретінде қарастырылады; операторларға арналған алмастыру қатынастарының түрі осы кванттардың спиндеріне тәуелді.
ЕКІНШІРЕТТІК ЭЛЕКТРОНДАР – екіншіреттік электрондық эмиссия кезінде бөлініп шығатын электрондар.