
ДЮЛАНГ ЖӘНЕ ПТИ ЗАҢЫ – тұрақты көлемді және Т≥300 К температуралы қатты дененің жылусыйымдылығы тұрақты және 6 кал/(моль·К)-ға тең болады делінген эмпириялық (тәжірибеге негізделген) ереже. Бұл ережені 1819 жылы француз физиктері: Пьер Дюланг (1785–1838) және Алексис Пти (1791– 1820) айғақтаған. Дюланг және Пти заңы көптеген элементтерге және қарапайым қосылыстарға тура. Төменгі температуралар аймағында жылусыйымдылық температураға тәуелді болады.