
ДЫБЫСТЫҚ ҚЫСЫМ – дыбыс толқындарының ортадан өтуі кезінде пайда болатын қысымның айнымалы бөлігі. Дыбыс толқындары ортада таралған кезде ортаны сығымдайды әрі сирексітіп ортадағы оның қысымының орташа шамасын қосымша түрде өзгеріске ұшыратады. Дыбыстық қысым дыбыс тол- қынының жиілігіне тең жиілікке өзгереді. Дыбыстық қысым – дыбыстың негізгі мөлшерлік сипаттамасы. Кейде дыбыстың сипаттамасына дБ-мен (децибелмен) өрнектелген д ы б ы с т ы қ қ ы с ы м н ы ң д е ң г е й і қолданылады. Бұл шама берілген дыбыстық қысымның дыбыс табалдырығының қатынасына тең шама. р0 = 2·10–5 Па, децибел шамасы N = 20 lg (р/р0). Дыбыстық қысым ауада 10–5 Па-дан естілу табалдырығының 103 Па-ға дейінгі қатты дыбысқа дейін өзгереді. Дыбыстық қысымды дыбыс сәулесінің қысымынан, яғни дыбыс қысымынан ажырата білу керек.