
ДЫБЫС СӘУЛЕСІНІҢ ҚЫСЫМЫ, дыбыс қысымы – тұрақты дыбыс өрісінде орналасқан денеге әсер ететін тұрақты қысым. Дыбыс сәулесінің қысымы дыбыс энергиясының тығыздығына пропорционал. Бұл сәуленің қысымы дыбыстық қысыммен салыстырғанда өте аз шама; дыбысты толық шағылды- ратын тосқауылға тік қалыпта түсетін дыбыстық толқындар кезінде дыбыстық қысым 102 Па-ға тең болса, ауаның дыбыстық өрісінде дыбыс сәулесінің қысымы жуықтап алғанда 0,1 Па-ға тең болады. Дыбыс сәулесінің қысымы акустикалық радиометрмен өлшенеді. Дыбыс сәулесінің қысымының шамасын біле отырып берілген ортадағы дыбыстың қарқындылығын анықтауға болады.