ДЫБЫС РЕФРАКЦИЯСЫ

ДЫБЫС РЕФРАКЦИЯСЫ (латынша «рефрактио – сыну») – дыбыс

жылдамдығы координаттарға тәуелді болатын біртекті емес ортада (атмосферада, мұхиттарда) дыбыстық сәуленің иіліп ауытқуы. Дыбыстық сәулелер әрқашан дыбыс жылдамдығы аз болатын қабатқа қарай ауытқиды және дыбыс жылдамдығының өзгерісі (градиенті) қаншалықты үлкен болса, рефракция да соншалықты күшті байқалады.

Атмосферадағы дыбыс рефракциясы ауа температурасының кеңістіктік 1-сызба. а – биіктікке байланысты темпера- тураның төмендеуі кезіндегі дыбыстық сәуле-

өзгеру жылдамдығына және желдің лердің таралу жолы; б – биіктікке байланысты бағытына байланысты туады. Темпе- температураның жоғарылауы кезіндегі дыбыс- тық сәулелердің таралу жолы ратура биіктікке байланысты (15 – 20 км биіктікке дейін) әдетте төмендейді және дыбыс жылдамдығы кемиді, сондықтан жер бетіне таяу орналасқан дыбыс көздерінен таралған сәулелер жоғары қарай ауытқиды және дыбыс біраз қашықтықтан әрі қарай естілмейтін болады (1 сызбадағы а жағдай). Егер ауа температурасы биіктікке байланысты артатын (температуралық инверсия, көбінесе түнде пайда болады) болса, онда дыбыстық сәулелер жер бетіне қарай ауытқиды және дыбыс алысқа таралатын болады (сызбадағы б жағдай). Дыбыс желге қарсы таралған кезде дыбыс сәулесі жоғары қарай ауытқиды, ал желдің бағытымен таралатын болса – жер бетіне қарай иіледі, сол себепті осы соңғы таралу кезінде дыбыстың естілуі жақсарады (2-сызба). Атмосфераның жоғары қабаттарында дыбыс рефракциясы үнсіз зонаның (үнсіз белдеу) және аномалды есту зонасының пайда болуына

2-сызба. Дыбыстық сәуленің таралуына                  әкеп соғады.

желдің ықпалы Дыбыс рефракциясы мұхиттарда температураның кеңістіктік өзгерулеріне,

тығыздылығына және гидростатикалық қысымға тәуелді. Дыбыс дифракциясы суасты дыбыстық арнаны, көлеңке зонасын, дыбысты фокустау (тоғыстау) және дыбыстың таралуының басқа да бірқатар ерекшеліктерін тудырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *