ДЫБЫС ЖЫЛДАМДЫҒЫ

ДЫБЫС ЖЫЛДАМДЫҒЫ – серпімді толқындардың ортада пішіндерін өзгертпей орын ауыстыру шапшаңдығы. Гармониялық толқындардың жылдамдығы да дыбыстың фазалық жылдамдығы деп аталады. Әдетте дыбыс жылдамдығы берілген зат үшін белгілі сыртқы жағдайларда толқындардың жиілігіне және амплитудасына тәуелді болмайды. Әртүрлі жиіліктер үшін фазалық жылдамдықтар әрқалай болатын жағдайларда дыбыстың дисперсиясы туралы сөз болады. Дыбыстың газдардағы жылдамдығы сұйықтағы жылдамдықпен салыстырғанда кем, ал сұйықтағы жылдамдық қатты денелердегі жылдамдықтан төмен болады. Сол себепті газ сұйытылған кезде оның жылдамдығы артады. Газдағы дыбыс жылдамдығы температура мен қысым артқанда шапшаңдайды. Бөлме температурасында дыбыстың жылдамдығының өзгерісі 1°С-қа өзгергенде жуық шамамен 0,17%-ға өзгереді. Температура 1°С-қа артқанда сұйықтардың дыбыс жылдамдығы бірнеше м/сек-қа кемиді. 20°С температурадағы сұйықтардағы дыбыстың жылдамдықтары: суда – 1490 м/сек; бензолда – 1324 м/сек, сынапта – 1453 м/сек, спиртте (этил) – 1180 м/сек; кәдімгі судың бір ерекшелігі бар: 74°С температурада судың жылдамдығы ең үлкен шама болады, осы температура әрі қарай жоғарылағанда кеми бастайды. Қысымы 1 атм қысымға артқанда дыбыстың жылдамдығы ~0,01%-ға артады. Теңіз суының температурасы, тұздылығы және тереңдігі артқан сайын дыбыстың жылдамдығы шапшаңдайтын болады. Осылайша теңіздердегі су асты дыбыстық сәуленің арнасы пайда болады. 0°С кезіндегі ауада таралатын дыбыс жылдамдығы 331,8 м/сек-қа тең.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *