• Бақыттының түйесі түлкі алар.
• Өзі қара болса да,
Бақ, дәулеті сай болса,
Жер жарады қаңқылы.
• Шыбынның басына бақ қонса, самұрық келіп сәлем береді.
• Жер асыңнан жемес асың көп болсын.
• Үлкен қазанда қайнағанның шикісі жоқ.
• Түнемел қымыздың ашуы қатты.
• Ішер астан жиренбе,
Қарның одан да жаман.
• Ауыз тигенің – мынау,
Асағаның қайда?
• Жаяушылық тартқанда жүрмес есек ат болар.
Қарын қатты ашқанда қара талқан қант болар.
• «Жемеймін, жемеймін» деп, жеңді білектей құйрықты тауысыпты.
• Нар маяның шұбаты – нардай ердің қуаты.
• Шеберді шеге қағысынан таниды.
• Жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған.
• Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол.
• Кемеші келсе, қайықшы судан шығар.
• Еңбегі аздың өнбегі аз.
• Кедейшілік кетсін десең, еңбек ет;
Молшылық жетсін десең, еңбек ет.
• Есесі қайтпас еңбек жоқ.
• Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.
• Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.
• Көңілсіз басталған іс көпке бармайды.
• Үйдегі есепті базардағы сауда бұзады.
• Саудагер құнықса, сақалын күзеп сатады.
• Ақша болса, алақанда сорпа қайнайды.
• Кедейге қарыз бер де, амандығын тіле.
• Есептемегенге бәрі түгел.
• Несиеге ет жесең, сүйегі ішіңді жыртар.
• Несиеге дуана да бата бермейді.
• Бай аузында семіз сөз.
• Күмән иманнан айырар.
• Аузы ыңғайсыз жерден тесілген.
• Өз басындағы отты көрмей, біреудің басындағы шоқты көрер.
• Өсекшінің аузын бассаң, арты жыбырлайды.
• Дауасы жоқ ауызға сылдыраған сөз бітеді.
• Сараң бай союға қозы таппай, жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды.
• Ашыққаннан құныққан жаман.
• Көмбенің иесі екеу: біреуі көмген, біреуі көрген.
• Жоғалған пышақтың сабы алтын.
• Жетім бала жасқаншақ,
Жетесіз бала мақтаншақ.
• Мақтаншақ қысыр сиыр сауады.
• Кісінеген айғырдың үйірін көр,
Кісімсіген жігіттің үйін көр.
• Алтынды еріте білмеген ірітер,
Теріні илей білмеген шірітер.
• Сылбырдың аты шылбырына сүрінер.
• Жылан арбаған торғайдай.
• Тоқсаны жиналып, тоқты жыққан батырлар,
Сексені жиналып, серке жыққан батырлар.
• Онсыз да шығайын деп тұрған көз еді.
• Қылышын сермей алмаған өзіне тигізер.
• Күш қазандай қайнайды,
Күресуге дәрмен жоқ.
• Шиқан үстіне қотыр.
• Тигенге тиіп, тимегенге сідігін шашады.
• Қасқадан төбел туады,
Қотырдан қыршаңқы туады.
• Ит арамды, тентек Құдайды танымайды.
• Қорқақтың бәрі Құдайшыл.
• Қорқақтың қатыны болғанша, батырдың жесірі бол.
• Ер жігіт бір өледі,
Қорқақ мың өледі.
• Жалқауға дәулет орнына ұйқы береді,
Жаманға ақыл орнына күлкі береді.
• Еріншекке табалдырық та – асу.
• Еріншек түске дейін ұйықтайды, кешке дейін есінейді.
• Жақсының өзі кішік, ойы биік.
• Қалжырағаннан былжыраған жаман.
• Жақсы аттан жығылса,
Жаман адам табалар.
• Ақымақтың ақылы көзінде.
• Ақымақтық аңқаулықпен дос.
• Ақымақ алғыс алмайды,
Алғыс алмаған алысқа бармайды.
• Жалғыздықтың діні қатты.
• Бір қарлығаш келгенмен, жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенмен, қыс болмайды.
• Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты.
• Қарсы келсе кәрілік, қара нарды шөктірер.
• Шалдың әні зармен тынады.
• Жаман киім жасты кәрідей етеді, кәріні перідей етеді.
• Жастықта да кәрілік тұр,
Байлықта да жарлылық тұр.
• Байдың қорасынан жарлының жалғызы жоғалады.
• Жей берсе, түйе түгіл, тау да таусылады.
• Әттең ұн жоқ, май болғанда бауырсақ пісіретін.
• Қасқалдақтың қанындай қат.
• Аш атасын танымас.
• Ашаршылықта түйенің сіңірі де тәтті,
Тоқшылықта қозының құйрығы да тәтті.
• Үлкен жау – өңеш.
• Ауру – өлімнің алғашқы елшісі.
• Ауру атанды да жығады.
• Азған денеге ауру үйір.
• Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі.
• Ауру шықпаған жаннан дәмелі,
Жалқау бітпеген малдан дәмелі.
• Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады.