ДИХРОЙЗМ (грекше «ди – екі» + «хрома – түс») – оптикалық өстің бойымен өзара перпендикуляр бағыттардан бақылау кезінде бір өсті кристалдардан өтуші сәулелердің қосарланып сынуының әртүрлі түсті болып көрінуі. Дихройзм п л е о х р о й з м н і ң (көп түстіліктің) дербес жағдайы.
Сызықты дихройзм – кәдімгі және өзгеше (кәдімгі емес) сәулелердің айырмашылығы себеп болатын дихройзм.
Циркулярлы дихройзм – оң жақ және сол жақ циркулярлы полярлануы болатын жарық үшін әртүрлі жұтылу айырмашылығы себеп болатын дихройзм.