ӘБУ-Л-ХАСАН ӘЛИ ӘЛ-МАСУДИ

ӘБУ-Л-ХАСАН ӘЛИ ӘЛ-МАСУДИӘбу-л-Хасан Әли ибн әл-Хусейн Әли әл-Масуди (9 ғ-дың соңы, Бағдат — 956/57, Фустат, Мысыр) — тарихшы, саяхатшы.915 —45 ж. Иран, Үндістан, Шри Ланка, Қытай, Хорасан, Солтүстік Африка, Әзірбайжан, Арменияға саяхат жасады. Сирияда, Мысырда тұрды. Тарих, философия, мұсылман дін уағыздары, құқық туралы көптеген еңбектерінің ішінде тек екеуі ғана сақталған.“Ахбар әз-заман” (“Замана тарихы”) атты 30 томдық тарихи-географиялықэнциклопедиясының бізге бір томы ғана жеткен.“Муруж әз-зәхаб уә мәадин әл-жауаһир” (”Алтын шаю және асыл тастар кен орны”) атты шығармасында (947 ж. жазылып, 951 ж. өңделген) теңіздер, таулар, түрлі халықтар жөнінде мәліметтер, ежелгі римдіктер мен гректер туралы жартылай аңыз әңгімелер, арабтардың 10 ғ-дың 40-жылдарына дейінгі тарихы берілген. Бізге бұл шығарманың қысқартылған түрі (1861 — 77 ж. басылған), ал “Китаб ат-танбих уә әл-шираф” (“өсиет және қайта қарау кітабы”) толық күйінде (1894 ж. басылған) жетті. Әбу-Л-Хасан Әли Әл-Масуди шығармаларында қимақ, оғыз, қарлұқ т.б. түркі тілдес тайпалар жөнінде деректер келтірілген. Әсіресе, 9 ғ-дың 2-жартысында Батыс Қазақстанда өткен тарихи оқиғаларды қамтитын мәліметтері құнды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *