
ДИФРАКЦИЯ (латынша «дифрактус – сынған») – әр текті (жарықтық, дыбыстық, т.б.) толқындардың таралу бағытында кездесетін тосқауылдарды орағытып өтуі немесе микробөлшектер (электрондар, атомдар, молекулалар, т.б.) ағындарын кристалдардың немесе сұйықтар мен газдар молекулаларының максимумдар мен минимумдар тудырып шашыратуы. Бұл құбылыс механикалық толқындардың, дыбыстың, жарық толқындарының және микробөлшектердің өздерінің толқын ұзындығымен шамалас тосқауылдан орағытып өтуі кезінде байқалады.