ДИПОЛЬ

ДИПОЛЬ (грекше «ди – екі рет, екі» + «полос – полюс») – бір-бірінен белгілі бір қашықтықта () орналасқан абсолюттік шамасы бойынша тең әраттас нүктелік екі зарядтың (+е, – е) электрлік жиынтығы. Электрлік дипольдің негізгі сипаттамасы оның дипольдік моменті (ДМ) болып табылады. Дипольдік момент – р вектор ара қашықтықтың () е зарядқа көбейтіндісінің сан мәніне тең, яғни р=еℓ; вектор р теріс зарядтан (–е) оң зарядқа (+е) қарай бағытталған деп қабылданған. ДМ дипольдің электрлік өрісін алыс қашықтықта (R>>1) анықтайды, сонымен бірге дипольге сыртқы электр өрісімен әсер етеді. Уақыт бойынша өзгермелі дипольдік моменттің (оның ұзындығының немесе зарядтарының өзгеруінің салдарынан) электрлік дипольы электрмагниттік сәуленің көзі болады.

Сыртқы біртекті электр өрісіндегі (Е) электрлік диполь. –Ғ және +Ғ қос күші диполді өріс бағытында бұруға әрекеттенеді7

магниттік моментімен алмастырылады. Қарапайым ток (І) жағдайында радиусы (а) дөңгелек контур бойынша ағатын токтың

Магниттік диполь. Тұрақты магниттердің полюстерінің өзараәсерлесуін зерттеу [1785 жылы француз физигі Шарль Кулонның (1736–1806)] магниттік зарядтардың болатыны туралы түсінікке әкеп соқтырған. Шамалары бойынша тең, зарядтары бойынша қарама-қарсы осындай зарядтар магниттік моменттері болатын магниттік диполь ретінде қарастырылды. Кейіннен мұндай магниттік зарядтардың болмайтыны айғақталды. Магниттік өрісті қозғалыстағы электр зарядтарының тудыратыны анықталған.

Магниттік дипольдің моменті электрлік диполь моментінің формуласымен есептеледі, мұнда электрлік дипольдің моменті токтың

магниттік моменті Гаусс жүйесінде: р =ІSn/

сек, мұндағы Sn = πа2 – орамның ауданы, ал n – орам жазықтығына перпендикуляр бірлік вектор, осы вектордың бас жағынан қарағанда ток сағат тілінің қозғалыс бағытына қарама-қарсы ағатын болып байқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *