СӨЙЛЕУ АНЫҚТЫҒЫ

СӨЙЛЕУ  АНЫҚТЫҒЫ Сөйлеу анықтығы – айтылған ойдың  қисындылығы, анықтығы, дәлдігі мен бірізділігі. Нақтырақ айтқанда, оның қабылдау мүмкіндігіне қатысы негізінде белгіленетін сөйлеудің сипаты. Сөйлеу анықтығы сөйлеудің коммуникативті сапаларының бірі болып табылады. Адресат ешбір қиындықсыз адресанттың ойын қабылдай алса, онда сөйлем анық деп айтуға болады. Алайда адресат ойды бірнеше себептерге байланысты қабылдай алмауы мүмкін. Мұндай себептердің біріне лексикалық себеп жатады. Мәтінде адресатқа таныс емес терминдердің кездесуі оның ойды қабылдауына кедергі келтіреді. Сонымен қатар жергілікті тіл ерекшеліктерін, жаргон, арго сөздерді қолдану сөйлеу анықтығына нұқсан келтіреді. Сөйлеу анықтығының бұзылуына сөйлемнің аса күрделі құрылуы, бір синонимдік қатарға жататын сөздерді орынсыз пайдалану, сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің сақталмауы, ауызша сөйлеуде логикалық екпіннің дұрыс түспеуі, ал жазбаша сөйлеуде тыныс белгілердің дұрыс қойылмауы да жатады. А.Байтұрсынұлы: «Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін анық атайды да, көмескі танитын нәрсесін көмескі, күңгірт айтады. Сондықтан біреудің айтқан сөзін анық түсінеміз де, біреудің сөзін анық түсінбей, жорамалдап, жорып, ұйғарып қана қоямыз, — дей келіп, — лебіз анық болуына лебіз мағынасы екі ұшты ұғарлық болып айтылғанда, сөйлемдер шұбалыңқы айтылып, сөйлемдердің құралу, құрмаласу, сабақтасулары шатақ түрде болса, әйтпесе тыныстар орнына қойылмаса, сөздер өз мағынасында жұмсалмай, басқа мағынада жұмсалғанда, меңзеу, өрескел болса кемшілік келмек» — деп себебін түсіндіреді. Ғалым ойын: «Жаман қатын алсаңыз, Төркініне бере алмай, Төсегіне жата алмай, Тең құрбысы келгенде, Жөнді жауап айта алмай, Жалғанда қор болады. Мұнда «жалғанда қор болады» дегенді екі түрлі ұғуға болады: «Төркініне бере алмай, төсегіне жата алмай» байы «қор болады» деп те ұғуға болады. «Тең құрбысы келгенде, жөнді жауап айта алмай» қатыны «қор болады» деп те ұғуға болады» — деген мысалмен бекітеді. Сөйлеу анықтығы – автордың жазған мәтіні оқырман үшін қаншалықты түсінікті болатындығының көрсеткіші. Авторлық қолданыста бір ғана мағынасы бар қабылдауға қарапайым сөздерді қолдану сөйлеу анықтығын қамтамасыз етсе, қос мағыналы сөздер мен тіркестері сөйлеу анықтығына кері әсерін тигізеді. Көп ретте, автордың қос мағыналы сөзді пайдаланғандығынан оқырман айтылған ойды түсінбей жатады. Ал тіл анықтығына сөйлеушінің тіл дыбыстарын дұрыс айтпауы, сөздің соңғы буындарды жұтып қоюы басқа да тіл мүкістігі жатады. Қараңыз: тіл аны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *