СӨЗ ДӘЛДІГІ

СӨЗ  ДӘЛДІГІ

Сөз дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз – сөздің шынайы өмірдегі заттар мен құбылыстардың  атауларына барынша дәлме-дәл келуі. Сөздің  дәлдігі, бір қарағанда, сөздің дұрыстығына ұқсас көрінеді.

Дегенмен, олардың арасындағы айырмашылықты білудің елеулі мәні бар. Айталық, бір адам екіншісінің қал-жағдайын сұрағанда, «жаман емес»  деген жауап алуы әбден мүмкін. Бұл жауап – сөз дұрыстығы тұрғысынан талапқа сай келеді, өйткені олар — әдеби тіл нормасына сәйкес айтылып тұр және дағдыда оны айтуға үйреніп қалғанбыз. Демек, жауап берушінің халінің жағымды екеніне көзіміз жетеді. Ал, сөздің нақтылығы талабынан келетін болсақ, бұл жауап қанағаттандырмайды, өйткені сол «жаман еместің» мағынасы көп: оған «орташа», «жақсы», тіпті «өте жақсы» деген ұғымдар да сияды. Объективті  баға беру ыңғайында әлгі «жаман еместің» не орташа,  не жақсы, не өте жақсы екендіктерінің беруін дәлелдесек, сөйлеу мәдениетіндегі дәлдікті, айқындықты пайдаланғанымыз болып шығады. А.Байтұрсынұлы: «Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасының сәйкес келуі айтылады. Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек», — дей келіп мәндес сөздердің тіл дәлдігін бұзатындығына мысалдар келтіреді. Ғалым: «Мәндес сөздер деп мағынасы жақын сөздер аталады. Мәселен: батырлық, ерлік, батылдық, өткірлік, өжеттік деген сияқты сөздер. Мұның бәрі жүректілікті көрсеткенмен әрқайсысының өз алдына өңі бар. Өңін танымай яки аңғармай бірін бірінің орнына айтса, лұғат дәлдігіне кемшілік келтіреді, — деп орынды ескерту жасайды. Сөздің дәлдігі ұғымына оның қисындылығы да енеді. Логикалық деп ойдың қайшылыққа ұрынбауын айтамыз. Бұл сапа ойлауға қатысты бола отырып, тілдік категориялармен тығыз байланысты болып келеді. Сөз арқылы қарым-қатынас жасағанда, формальдық логиканың заңдарының сақталуы талап етіледі. Ал мұндай қателер көп реттерде ауызекі сөйлеу тілінде кездеседі. Жазба тілде де логикалық қателердің ұшырасып отыратыны бар. Ол қателіктердің орын алуының бір себебі логикалық екпінді қай сөзге немесе қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанына тиісінше мән бермеушіліктен болып жатады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *