ӘБУ-Л-ФАЗЛ БЕЙҺАҚИ

ӘБУ-Л-ФАЗЛ БЕЙҺАҚИ Әбу-л-Фазл Мұхаммед ибн әл-Хусейн әл-Бейһақи (996, Хорасан, Бейхақ өлкесі, Харисабад деген жерде — 1077, сонда) — тарихшы. Кейбір деректерде жас кезінде Нишапурде білім алған делінеді. Кейін Махмуд Ғазнауи сарайында ұзақ жылдар бойы кеңсе қызметкері (диуан-и рисалат) болған. Сұлтан Абд-ар-Рашид тұсында (1040 — 52) осы кеңсені басқарып, кейін түрмеге жабылған. Фаррух зада билік еткен кезінде (1050 — 59) қызметтен біржолата кеткен. Әбу-Л-Фазл Бейхақи өмірінің соңғы жылдарында “Тарих-и-Бейхақи” (“Бейхақи тарихы”) немесе “Тарих-е-Ал-и Себук-тегин” (“Себүк-Тегін әулетінің тарихы”) аталатын көлемді еңбегін жазумен шұғылданды. Шығармада Ғазнауи, Самани әулеттері тұсындағы Иран тарихы қамтылып, түркі тайпалары жөнінде де қызықты мағлұматтар беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *