Балтабек Ерсәлімов

Балтабек Ерсәлімов өлкетанушы, журналист, қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, «Абай» қорының президенті Балтабек Бәзілұлы Ерсалимов 1938 жылы 28 ақпанда қарапайым отбасында дүниеге келген. Нағашы атасы Ахметбек Ысқақұлы оқыған, көзі ашық сауатты адам болған. Сол кездегі аты шыққан зиялы қауыммен тығыз байланыста болғанын дәлелдейтін тарихи құжаттар, естеліктер кездеседі. Ысқақтың баласы Ахметбек туралы деректер аз болғандықтан, «Сен осы Абай атамызға қалай жиенсің?» деген сауалды жиі қояды. Балтабек ағамыздың оған жауабы да дайын: «Ысқақтан Ахметбек, Ахметбектен Қапиза туады. Қапизаның соңында қалған жалғыз тұяқ мен Балтабекпін. Сонда мен Абай мен Ысқаққа жиеншар. Ысқақтың баласы Ахметбекке туған жиен боламын»,-дейді екен. Балтабек Бәзілұлының анасы Қапиза Ахметбекқызы ұлы Абайдың інісі Ысқақ Құнанбайұлының баласы. Анасы кішкене кезінде аталары Абай мен Ысқақты көзімен көріп, сол кездегі Абай, Ысқақ ауылындағы адамдардың өмірі мен есімін жадына тоқыған аса шежірешіл адам болған. Анасы көп құрсақ көтерсе де артында қалған жалғыз тұяқ Балтабек аға ғана болды. Балалық шақпен ерте қоштасқан Балтабек анасымен бірге семья тауқыметін бірге көтерісті. Өмірдің қиындығын татып өскен бозбала өмірдің күрес, оны еңбекпен жеңу керек екенін білді. Әкесінің жоқтығын білдіргісі келмеді. Сөйтіп, облыстық «Прииртышская правда» газетіне курьер (қағаз тасушы) болып түнгі жұмысқа орналасты. Күндіз оқып, түнде жұмыс істеді. Алматының КазГУ-нің журналистика факультетін сырттай бітіріп, редакцияға журналист болып оралды. Сол бір өткен балалық шағын ойласа, өзін тек анасы ғана емес, соынмен бірге бүкіл мектеп коллективі, баспаха мен редакция коллективі тәрбиелеген екен. Сондықтан да Балтабек аға бар болмысымен жұмысшы табы қауымына жақын.
Семейдегі Абай қорын алғаш ұйымдастырушылардың бірі. 1992 жылы Республикалық «Абай» журналының қайта шыға бастағанына 10 жыл толу мерейтойына байланысты, «Абайдың, Шәкәрімнің және Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттауға сіңірген ерекше еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін», «Абай» қорының президенті Балтабек Ерсәлімұлына 2002 жылы «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Елшібек, М. Асылдың сынығы // Қазақ әдебиеті. — 1999. — 18 маусым; Дидар. — 1998. — 12 наурыз.
Ерсәлімұлы Б. Ұлыларымызды әспеттейік // Қазақ әдебиеті.-2006.-20 қазан.-10-11 б.
Ерсәлімов Б. Қажы тұрғызған қасиетті шаңырақ // Семей таңы.- 2001.- 26 қазан.- Б.2
Ерсәлімұлы Б. Көргенім, көңілдегі: Естелік.- Алматы, Дәуір.- 1997.- 208 б.
Елеуғожин Б. Талабымен танылған // Семей таңы.- 1991.- 6 желтоқсан
Ерсәлімов Б.Екейбай: [ҰОС-ның ардагері Қашағанов Екейбай жайлы] // Егемен
Қазақстан. — 2012. — 10 мамыр. — Б. 7.
Ерсәлімов Б. Ақылдасқанның айыбы жоқ // Егемен Қазақстан. — 2016.- 13 мамыр. — 4 б.
Ерсәлімов Б. Халықтың игілігіне жаратылады // Егемен Қазақстан . — 2016.- 27 мамыр. — 6 б.
Еспенбетов А. Ел үмітін ақтар «Етжеңді»! // Ертіс өңірі. — 2009. — 20 мамыр. — Б. 8-9
Омаров А. Семейдің Балташы // Семей таңы.- 2003.- 21 ақпан.- 12 б.
Омаров, А. Балташтың бағы мен бақыты // Егемен Қазақстан. — 2003. — 1 наурыз. — С. 4
Хасенов Р.Б. Ерсәлимовтың кітабы хақында бірер сөз // Өмір өткелдері.-Семей, 2010. — 112 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *