МАРАБАЙ ҚҰЛЖАБАЙҰЛЫ

МАРАБАЙ ҚҰЛЖАБАЙҰЛЫ
ТУҒАНЫНА 180 ЖЫЛ (1841-1898)

Қазақ ақыны Марабай Құлжабайұлы 1841 жылы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданында дүниеге келген.
Жасынан өлең сөзге үйір болып, ақындық, жырау-өнеріне машықтанған, атақты Шернияз ақыннан үлгі алған, Жұмырбай, Көкей қыз, Базар, Қашаған, Сүгір ақындармен айтысқан.
Марабай эпостық шығармаларды кең насихаттаушылардың бірі.
Н И.Ильминский Марабайдан „Ер Тарғын» жырын жазып алып 1862 жылы, жеке кітап етіп шығарған. Ы.Алтынсарин „Кобыланды батыр» жырын жазып алып, „Тайбурылдың шабысы» деген тарауын Қазақ хрестоматиясынан енгізген.
1879 жылы Марабайдың айтуындағы „Қобыланды» дастанының толық нұсқасын Ә. Диваев Ташкентте бастырды.
Марабай толғаулары «Сөйле дедің біздерге» тағы басқа философиялық терең ойлылығымен ерекшеленеді.
Марабай Құлжабайұлы 1898 жылы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданында қайтыс болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *