ХАМИТ ЧУРИН
ТУҒАНЫНА 120 ЖЫЛ (1901-1979)
Хамит Дәулетұлы Чурин 1901 жылы Орал облысының Орда ауданы Қаратоқай ауылында туған. Саратовтың мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын 1930 жылы бітірген.
1918 жылы Хамит Чурин Қазақтың тұңғыш Советтік атты әскер полкіне өз еркімен қосылды.
1929-1932 жылдары Х.Чурин Тарғын уезінде Бөкей губерниясында, Жымпиты уезінде, Орал губерниясында басшы Совет және партия жұмыстарында болды.
1932 жылдан Хамит Дәулетұлы Қазақстан ауыл шаруашылық институтының ректоры, Қаз. ССР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы председателінің орынбасары, ал 1953-1973 жылдары Қазақстан ауыл шаруашылық институтының кафедра меңгерушісі.
Хамит Чурин 1973 жылдан Одақтық дәрежедегі дербес пенсионер болды. Бірнеше ордендері және медальдарымен наградталған.
Х.Д.Чурин біренеше естелік кітаптардың авторы.
Орал өңірінде Совет өкіметін орнату және нығайту үшін белсенді күрескер, ғалым және ұстаз Хамит Дәулетұлы Чурин өзінің бүкіл өмірін халыққа қызмет етуге арнады.
Әдебиеттер
Жұмағалиев Б. Абзал азамат /Б. Жұмағалиев //Орал өңірі.-2001.-13 қазан
Тайыр Л. Қайраткері қазақтың /Л.Тайыр //Орал өңірі.-2009.-4 маусым.-(№61)
Чурин X. Дауылды жылдары: /Орал обл. Совет өкіметін құру жайында/.-Алматы, 1971.- 154 6.
Чурин Хамит Дәулетұлы //Батыс Қазақстан облысы.Энциклопедия-
Алматы: Арыс, 2002.- 517 б.