ТҰЯҚБЕРДІ ШӘМЕЛОВ
ТУҒАНЫНА 70 ЖЫЛ (1951-2012)
Тұяқберді Шәмелов Қажыгерейұлы 1951 жылы Жаңақала ауданының Құрманғазы атындағы елді мекенінде дүниеге келді. Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік консерваториясын тәмәмдап, Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінде 1970 жылдың желтоқсан айынан бері қызмет етеді.
I –ші Республикалық Құрманғазы атындағы конкурстың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы оркестрдің Бас концертмейстері және жеке орындаушысы, күйші -композитор. Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің мақтау грамотасымен екі мәрте марапатталды, Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мақтау грамотасымен, сонымен қатар, Өзбек, беларусь мемлекеттері мәдениет министрліктерінің мақтау грамоталарымен марапатталды. Жақында Республикамыздың қуғын — сүргінге ұшырағандарды еске алу жылына арналған президент жарлығына сәйкес Қазақстан композиторлар одағы арнайы ұйымдастырған конкурстың жеңімпазы (лауреаты) атағын алды.
Республикалық таспаға жазу студиясы Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина мен Мәмен, Әлекейдің бірнеше күйден тұратын екі күй табақшасын жарыққа шығарды. Қазақ радиосы мен теледидары бұл күйлерді өз бағдарламаларына үнемі беріп тұрады.
Төлеген Айбергенов, Айтжан Байғожаев, Қадыр -Мырза Әли, Шөмішбай Сариев, Абдрахман Асылбек, Құмарбек Сыдықтың сөздеріне бірнеше әндер шығарды, оларды Республикамыздың белгілі әншілері радио мен теледидардан шырқап жүр.
1995 жылы Қытай халық республикасындағы Шыңжаң қазақ — ұйғыр автономиялық ауданында (Құлжа қаласы) бесай қазақ — ұйғыр -хаису — сібе ұлттарының өкілдеріне қазақ музыкасынан дәріс беріп, қазақ ұлттық аспаптар оркестрін ұйымдастырды. Қазір де Алматы мемлекеттік консерваториясында қосымша дәріс береді.
Бүгінде күйшілік өнер саласында өзіндік қолтаңбасымен, орындаушылық шеберлігімен танылған дарбаз күйшілеріміздің бірі де, бірегейі Тұяқ Шәмелов Қажыгерейұлы биыл 60 жасқа толғалы отыр.
Төкпе, шертпе күй мектептерін терең меңгерген, озық дәстүрлі күйшілік өнердің биік белесіне көтерілген өрелі өнер иесі ТМД елдерінің бәрінде, сондай — ақ, Португалия, Финляндия, Ауғанстан, Франция, Қытай, Пәкістан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Түрік т.б. мемлекеттерде гастрольдік сапарларда болып, қазақ музыка өнерінің мәртебесін арттыра түсуде. Қазір ол шығармашылық өнердің кемел шағында.
Тартымды, лирикалық әндерімен де елін, халқын тәнті еткен композитор Тұяқ Қажыгерейұлы 2012 жылы қайтыс болды.
Әдебиеттер, дереккөздер
Тұяқберді Шәмелов// Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-Алматы.- 2002.- 522 б.
Тұяқберді Шәмелов. Қазақ өнері. Энциклопедия.-Алматы.- 2002.-739 б.
Саусағының желі бар күйші: Әдістемелік құрал.-Орал.- 2006
https://www.inform.kz/kz/belgili-kuyshi-kompozitor-kr-halyk-artisi-tuyakberdi-shamelov-dunieden-ozdy
https://kk.wikipedia.org/wiki/
https://alashainasy.kz/omir/tuyakberd-kajyigereyulyi-shamelov-53694/
https://kazakh-tv.kz/o/kz/telejobalar/item/3356-k-j-t-lpary-t-ya-berdi-sh-melov