СЕЙТЕК ОРАЗӘЛІҰЛЫ


СЕЙТЕК ОРАЗӘЛІҰЛЫ
ТУҒАНЫНА 160 ЖЫЛ (1861-1933)

Сейтек Оразалыұлы 1861 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында дүниеге келген. Көрнекті күйші- композитор, өзіндік домбыра мектебінің негізін калаушы.
Бала кезінен-ақ музыкаға өте бейім, қабілетті болады. Алғаш домбыра тартуды ағасы Сұлтанғалидан үйренген. Мұнан соң, Дәулеткерейдің күйлерін тыңдап, өнерпаздық қазынасын молайтып отырды.
Сейтек Оразаліұлы жас кезінде шығармаларындағы бостандық сүйгіш идеалары үшін патша өкіметі тарапынан талай қуғын-сүргінге ұшырады. Өмірінің біраз жылын Орда, Үркіт, Астрахан, Москва түрмелерінде өткізеді. 1897 жылы Сахалинге саяси тұтқын ретінде жер аударылады. Оған орыстың революцияшыл жұмысшылармен байланыста болды деген айып тағылады. Осы кезеңдегі күйлері «Түңілдім», «Арман», «Айдау».
1905 жылы айдаудан оралғаннан кейін, Сейтек абзал анасы, туған баласы, жан жолдасының қазасын естіп, «Ғазиз», «Жоқтау», «Сардала» күйлерін шығарады.
1916 жылы патшалық Россияның езушілік саясатына қарсы казақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін бейнелейтін „16 жыл» күйінде Сейтектің әлеуметтік көзқарасы танылады. 1917 жылғы қазан төңкерісін өз күйлерінде жырлады. Сейтек Совет әкелген жаңалықтарға белсенді араласты.
Орда ауданының Шонай ауылы кедейлерінің комитетінде мүше болып, алдыңғы қатарда жүрді. Оның патриоттық бағыттағы «Марш», «80 ер», «Тойбастар» күйлері адам жанының сұлулығын, халықгың арман-мүддесін паш етті.
Сейтек домбыраға өзіндік жаңа үн берді. Күйлерінде орыс, украин, түрікмен, қалмақ саздарына ұқсас жерлері де кездеседі. Ол ән де шығарған. Оны «Сейтек» әнін А.Б.Затаевич Қазақ халқының 1000 әніне» кіргізген Ғ.А.Жұбанов Сейтектің «Заманай» күйін өзінің «Батырлық» симфониялық поэмасында пайдаланды.
Сейтектің «Арпалыс», «Айман», «Шарипа», «Қарашаш», «Бес қыз, «Көкала ат» және басқа туындылары қазақтың мемлекеттік ұлт аспаптары оркестрі репертуарынан орын алған.


Әдебиеттер

Жұбанов А. Ғасырлар пернесі/А. Жұбанов —Алматы, 1975.- 400 б.
Жұбанов А. Сейтек (Өмірі мен творчествосы)// Жұбанов А. Қазақтың халық композиторлары (күйшілер).-Алматы, 1962.- 34-42 6.
Қадырова Г. Сейтек баба зираты / Г. Қадырова//Орал өңірі.-Қажымғалиев Ө, Күйші Сейтек / Ө. Қажымғалиев //Ана тілі.- 2013.-3-9 қазан.- (№39).- 9 б. 2013.-30
Оразалыұлы Сейтек//Қазақ халқының тарихи тұлғалары.- Алматы: Өнер.-2013.- 2-кітап.- 279 б.
Сейтек Оразалыұлы //Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2002.- 465 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *