ҒАБДОЛЛА ТОҚАЙ

ҒАБДОЛЛА ТОҚАЙ
ТУҒАНЫНА 135 ЖЫЛ (1886-1913)

Татар ақыны Ғабдолла Тоқай 1886 жылы 26 сәуірде Татарстанда дүниеге келген. Татардың жаңа бағытындағы реалистік әдебиеті мен қазіргі татар әдеби тілінің негізін салушы.
1895 жылы Орал қаласына келіп, Мутыгия медресесінде оқыды. Алғашқы шығармаларын 1902 жылдан жаза бастады. «Фикер» газетінде, «Әл-ғасрул-жадид» (Жаңа ғасыр), «Оқтар» журналдарында өлеңдері, мақалалары басылды.
Ғабдолла Тоқай азаттық жыршысы болды. 1910 жылдан демократияшыл жастардың «Әл-ислах» газетіне (1905-1909) қатысты.
1908 жылы Г.Камалмен бірігіп,Қазандағы тұңғыш сатиралық «Яшен» «Жасын») журналын шығарды.
1910 жылдан «Ялт-йолт» («Жалт-жұлт») журналында қызмет етті. Оның сатирасы патша өкіметіне деген өшпенділікке толы.
Гуманист-ақын Ғабдолла Тоқай әйелдерді қорғап және оларға азаттық, теңдік тілеп, бірнеше өлең жазды. Біраз лирикалық өлеңдері газет түрінде жазылған. Ғабдолла Тоқай балаларға арнап өлеңдер, прозалық шығармалар да жазды.
Орал қаласындағы Ғабдолла Тоқай тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш-тақта, мүсін орнатылған.

Әдебиеттер

Тоқай Г. Адаспа, халқым, адаспа., Жәлел М. Моабит дәптері [Текст]: Өлеңдер / Г. Тоқай. – Алматы : RS, 2016 ; : Халықаралық Абай клубы. – 256 б. – (Ұлы жазушылар мен ойшылдар кітапханасы). – (Әлем халықтарының әдебиеті). – (Менің 100 кітабым) .
Тоқай Ғабдулла. Таңдамалы / Ғ. Тоқай ; Аударған Қадыр Мырзалиев. – Астана : Аударма, 2007. – 320 б.
Фәйзи Әхмет. Тоқай: Роман / Ә. Фәйзи ; Ауд. Ж.Есбатыров. – Алматы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1959. – 565 б.

Ақын туралы

Біздің Тоқай [Текст] // Рысбеков Т. Тарихи тұлғалар: уақыт және өмір жолдары. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы.- 2014.- 347-354 б.
Ғабдолла Тоқай: Өмірдерек//Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.- Алматы, 2002.- 220 б.
Жеңісұлы Е. Тоқай талантына табынған елде / Жеңісұлы // Айқын. – 2015.- 1 мамыр (№79).- 8 б.
Жәрімбетова Н. Алаш альбомы парақтары шерткен сыр немесе қазақ зиялылары мен Ғабдолла Тоқайдың жиені Уәли Забиров / Жәрімбетова // Егемен Қазақстан. – 2017.- 24 ақпан (№39).- 7 б.
Жолдығали Г. Жайық бойындағы Тоқай әлемі / Жолдығали // Орал өңірі. – 2016.- 21 мамыр (№58-59).- 8 б.
Мәмбетов І. Пушкин мен Әміржан : Дастандар / Мәмбетов. – Алматы: Жалын, 1987. – 28 б. – (Кел, балалар, оқылық!)
Мұратова Н.Түркі жұртының Тоқайы / Н. Мұратова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2016.- №10.- 38-40 б.
Набиоллаұлы Н. Татар руханиятының абызы / Набиоллаұлы // Орал өңірі. – 2016.- 28 сәуір (№48).- 5 б.
Саматұлы Нұрлан. Орал — Тоқай поэтикасының отаны / Н. Саматұлы // Ислам және Өркениет. – 2018.- 16-30 маусым (№12).- 5 б.
Серікқызы А. Орал- Тоқайдың поэзиялық Отаны / Серікқызы // Жайық үні Жизнь города. – 2016.- 26 мамыр (№21).- 4 б.
Татар ақынына құрмет көрсетілді // Жайық үні Жизнь города. – 2016.- 28 сәуір (№17).- 5 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *