ЛЕОНИД МАКЕЕВ

ЛЕОНИД МАКЕЕВ
ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ (1911-1993)

Жазушы Леонид Владимирович Макеев 1911 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келіп, 1993 жылы Орал қаласында дүниеден озған. 1941-45 ж.8-гвардия Панфилов дивизиясының құрамында соғысқа қатысып, “За Родину” газетінің редакторы қызметін атқарған. Соғыстан оралған соң “Советский Казахстан” журналының бас редакторы,”Казахфильм” киностудиясының аға редакторы қызметін атқарған.
Жазушының өмірінің соңғы жылдары біздің өлкемен байланысты.
Леонид Макеевтің “Поход за рабочую смекалку”,”В Акмолинских степях”,”Имя героя” және т.б. кітаптары шыққан. Сондай- ақ ол Ғ.Сланов, Қ.Әбдіқадыров, М.Иманжанов, С.Мұқанов сияқты қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударды.
Макеевтің есімі оқырман қауымға әңгімелері мен очерктері арқылы емес, оның ертегілері арқылы танымал болғанын айта кеткен жөн. Ол өзінің өмірінің көптеген жылдарын ертегіге арнады. Бұл сала бойынша жазушының жұмыс жасау әдісін А.Толстойдың орыс халық ертегілерін өңдеу тәсіліне ұқсатуға болады.
Л.Макеевтің ертегілерінің кейіпкерлері фольклорлық дәстүрмен сабақтасып жатыр. Ол өз ертегілерінде менменшілдікті, сараңдықты әшкерелеп, еңбеккерді мадақтайды.
Жазушы оқырмандардың назарын түрлі халықтардың адамгершілікке деген көзқарасының бірдей екеніне аударады.Оның ертегілері мейірімділікті, жақсылықты қолдайды және оқырман жүрегіне жол таба білген шығармалар.
Леонид Макеев Қызыл Жұлдыз орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. Орал қаласының Достық даңғылындағы 1987-93 жылдарда Макеев тұрған 203 үйге ескерткіш тақта орнатылды.

 

Әдебиеттер

Макеев Леонид Владимирович //Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-Алматы:Арыс, 2002.- 382 б.
Макеев Леонид //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық.-Алматы: Ана тілі ЖШС,2004.- 202 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *