АЙБАТЫР СЕЙТАҚ
55 ЖАСТА (1966)
Ақын Айбатыр Сейтақ 1966 жылы 28 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылында дүниеге келген. 1989 -1997 жылдары Орал және Қостанай облысы телерадио компанияларында теледидар редакторы болып жұмыс істеген. «Сарыарқа» журналы бас редакторының орынбасары, «Жас Алаш» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі қызметтерін атқарған.
Қазір ҚР Парламенті Мәжіліс Аппараты баспасөз Қызметінің бас консультанты. 1988 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті өткізген 1996 және 2000 жылдары «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры ұйымдастырған ақындар байқауының лауреаты. 1999 жылы ҚР Президенті стипендиясының иегері. «Ғұмырнама» атты жыр жинағы жарық көрген.
Әдебиеттер, дереккөздер
Сейтақ А. Ай мен ару: Өлеңдер / А. Сейтақ.- Алматы: Жазушы, 2004.- 144 б.- (Қазіргі қазақ поэзиясы).
Күміс күйме: Қазақстандағы жаңа поэзия.-Явь и сны:Новая проза Казахстана=Явь и сны.- Алматы, 2001.- 331 б.
https://adebiportal.kz/kz/authors/view
https://alashainasy.kz/akyn/aybatyir-seytak-men-oylap-em-gashyik-otyi-sond-dep
http://kazneb.kz/site/catalogue/view