ШӘКІР ЖЕКСЕНБАЕВ

ШӘКІР ЖЕКСЕНБАЕВ
ТУҒАНЫНА 120 ЖЫЛ (1901-1988)

Қазақтан шыққан тұңғыш генерал, Ұлы Отан соғысының ардагері. Шәкір Жексенбайұлы Орда ауданына қарасты Шоңғай ауылында кедей шаруаның отбасында 1901 жылы дүниеге келген.
Бөкей Ордасындағы Шоңғай бастауыш мектебі мен училищені бітірген ол Ұлы Окгябрь таңы атқанда 16 жастағы жігіт еді. Қазақтың бірінші өнегелі атты әскер полкі ұйымдастырылғанда 18 жасар Шәкір өз еркімен енген болатын.
1919 жылы кіші командир даярлайтын мектепті бітіріп, кіші командир атағын алып, эскадронда бөлімше командирі болып тағайындалады.
1919 жылдың аяғында атты әскер командирлерін даярлайтын Орынбор қаласындағы Борисоглебск курсына оқуға алынады.
1920 жылы Москвадағы Қызыл Армия бас Штабының әскери академиясына оқуға жіберіледі. Академияны Шәкір 1924 жылы үздік бітіріп шығады. Академияны бітіргеннен кейін Шәкір Қазақстанда, Башкирияда, Украинада, Қиыр Шығыста Қызыл Армияның жоғары командалық жұмыстарында болады
1927-1928 жылдары Қазақ АССР соғыс комиссарының орынбасары болып істеді, 1931 жылы Шәкір тағы да Москвадағы арнаулы жоғары академиялық әскери мектепке қабылданып, әскери химик деген мамандық алып шығады. Осы мамандығы бойынша ол Қызыл Армияда түрлі жоғарғы командалық жұмыстар атқарады.
1941 жылы неміс фашистеріне қарсы Отан соғысы басталған кезде Калинин каласында әскери училищеде командир болып істеп жүрген полковник Шәкір Жексенбаев Ұлы Отан соғысы майданына аттанды. Соғыс кезінде Батыс бағыт, Орталық Брянск, Ленинград майдандарында жоғары командалық қызметте болып, өзіне тапсырылған жұмысты үлгілі атқарып, абыройға бөленді.
Совет үкіметі 1943 жылғы 16 қазандағы қаулысымен полковник Ш.Жексенбаевқа техникалық әскерлердің генерал-майоры деген жоғары әскери атақ берді.
Шәкір Жексенбаевтың Отан алдындағы еңбегі жоғары бағаланады. Ол төрт мәрте Қызыл
Ту, Қызыл Жұлдыз, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен
наградталды.
Жерлесіміз, қазақтан шыққан тұңғыш генерал Шәкір Жексенбаевтың өмір жолы облыс еңбекшілеріне, әсіресе жастарға интернационалдық, патриоттық тәрбие берудің, Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады.

Әдебиеттер

Айтұлы Н. Ғасырдың көзі тірі куәгері [Текст] / Айтұлы // Шығармалары. 7 томдық. — Астана: Фолиант. – 147-159 б.
Бірімжаров Б.Қ. Бөкей Ордасы: монография [Текст] / Б.Қ. Бірімжаров. – Орал : Полиграфсервис, 2017. – 220 б.
Жұмағалиев Б. Генерал /Б. Жұмағалиев //Орал өңірі.-2001.-27 ақпан
Жұмағалиев Б. Генерал Жексенбаев [Текст] / Жұмағалиев // Орал өңірі. – 2011.- 7 мамыр.-(№51)
Құрымбаев А. Шоңайдан шыққан генерал [Текст] / Құрымбаев // Орал өңірі. – 2016.- 4 ақпан (№14).- 14 б
Молдақадыров Б. Жексенбаев Шәкір-қазақтың тұңғыш генералдарының бірі [Текст] / Молдақадыров // Алғашқы әскери дайындық. – 2012.-№3.- 3 б.
Мұратұлы С. Жәнібектің «Бауыржаны» [Текст] / С. Мұратұлы // Орал өңірі. – 2015.- №54.- 10 б.
Чурин X. Дауылды жырлары/Х.Чурин -Алматы, 1971.-91-99 б.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *