МҰҚАДЕС ЕСЛАМҒАЛИҰЛЫ

МҰҚАДЕС ЕСЛАМҒАЛИҰЛЫ
ТУҒАНЫНА 75 ЖЫЛ (1946-2004)

Мұқадес Есләмғалиұлы өзінің туындылары арқылы әдеби ортаға өзін таныта білген жазушы. Оның “Екінші таныс”,”Қайырлы таң”, “Екі басқа дүние” әңгімелері мен
жинақтары дүниеге келді. Аталған кітаптарға енген туындылардың некен- саяғы тарихи тақырыптарға арналса, негізгісі өзіміз өмір сүріп отырған ортадағы оқиғаларды арқау етті. Мұқадес бір-біріне ұқсай бермейтін кейіпкерлердің тұтас галереясын жасады. Әсіресе, зиялы қауым ретінде жүрген “зиянды қауым” өкілдерінің бетпердесін сыпыруға талпынды. Жазушының әңгімелері мен повестері қысқалығымен ерекшеленеді. Ол аз сөзге көп ой сыйғызуға, айтарын ишара, тұспалмен беруге тырысты.
Әңгіме — повесть жазып, қаламы біраз ұшталған қаламгер прозаның күрделі жанры романға баруды мақсат тұтты. Бұл орайда оған еңбек жолын алғашқыда мұғалім, кейін журналист болып бастағаны септігін тигізді. Сырым Датұлы туып өскен өңірдің перзенті болғандықтан, Мұқадес Есләмғалиұлы көне аңыз- әңгімелерге, шешендік сөздерге жастайынан қанықты.
Мұқадес Есләмғалиұлының “Толқын мен ағын”,”Өз жүрегіңе үңіл”,”Тұман ішіндегі көш” романдары әдебиетшілер қауымы мен қарапайым оқырмандар тарапынан жоғары бағаланды. Жазушыға “Тұман ішіндегі көш” атты кітабы үшін халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығы берілді.
Жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының мол мұрасы халқына қызмет ете береді деп сенеміз.

Әдебиеттер

Әміреев М. Жүректі жылытып, көңілді жібіткен «Ақпанның аязы» / М.
Әміреев//Орал өңірі.- 2010.-25 ақпан.- (№23).
Есламғалиұлы Мұқадес //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық.- Алматы:Ана тілі, 2004.-118 б.
Жұмбақ жан /жазушы Мұқадес Есламғалиұлы туралы///Жайық үні.- 2006.- 9 ақпан.- (№6)
Мұқадес Есламғалиұлы //Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-Алматы:Арыс, 2002.- 398 б.
Нәріков А. Оралымды ой, қарымды қалам [Текст] / Нәріков // Қазақ әдебиеті. – 2016.- 12 ақпан (№6).- 11 б.
Сабыр М. Ақиқаттың аңсары [Текст] / Сабыр // Егемен Қазақстан. – 2016.- 18 ақпан (№32).- 8 б
Шүйіншәлиева М. Мұқадес — мәңгі өлмейтін жазушы [Текст] / Шүйіншәлиева // Жайық үні. – 2019.- 20 маусым ( №24).- 8 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *