ИБН ХАУКАЛ, ӘБУ-Л-ҚАСЫМ ӘН-НАСИБИ ИБН ХАУКАЛ (туған-өлген жылдары белгісіз) – 10 ғасырда өмір сүрген араб тарихшысы, географы Насибин қаласында туған. Ол өмірінің көп бөлігін саясатпен өткізіп, Үндістанды, Оңтүстік Азияны, Солтустік Африканы, бүкіл мұсылман әлемін аралаған. «Китаб әл-масалик уә-л-мамалик» («Жолдар мен патшалықтар кітабы») атты шығарма жазған. Онда ортағасырлық Қазақстан тарихына қатысты, атап айтқанда, қарлұқтар, оғыздар, кимектер, қырғыздар, тоғызоғыздар туралы тарихи-этнография мағлұматтар келтіріледі. Еңбекте аталған тайпалардыңқоныстанған жерлері, Ұлы Жібек жолының тармақтары суреттелген, Шу мен Талас өңірінің, Жетісудың, Оңтүстік Қазақстанның елді мекендері жайлы бірталай деректер берілген. Испиджаб, Тараз, Сауран, Сүткент, Фараб, Кедер, Шауғарқалалары жөнінде айтылады. Автор Тараз қалада мұсылмандар мен түріктердің сауда-саттық жасайтын жері деп көрсетеді. Шығарманың («Жер келбеті») деп аталатын құрамдас бөлімі география карта болып табылады. Ол картада Тараз қала көрсетілген. Еңбекті М.де Гуе (1873) және Крамерс (1938-39) жарыққа шығарды.