ҚАПАН МУСИН

ҚАПАН МУСИН
ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ
(1921-1970)

Мусин Қапан 1921 жылы 1 қаңтар айында Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының, Жәнібек ауылында дүниеге келген. Алғаш домбыра тартуы анасы Кәмиладан үйренді.1934 жылы Алматы музыкалық училищесін ИЛ.Лесманның скрипка класы бойынша бітірді.1939 жылы Москва консерваториясы жанындағы қазақ студиясында оқыды 1940 жылы осы консерваторияның композиторлық бөліміне ауысады.1942 жылы СССР композиторлар одағының мүшесі. Мусин Қапан Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943-1953 жылдары Қазақтың халық аспаптар оркестрінде дирежерлік етті. 1954 жылы Алматы консерваториясының композиторлық факультетін, Е.Г Брусиловскийдің класы бойынша бітірді. Осы жылдан өмірінің соңына дейін Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен шұғылданды. Мусиннің негізгі тақырыбы Отан, Еңбек адамдарының ерлік істері. Ол қазақ композиторларының ішінен бірінші болып симфония жанрында қалам тартты. Мусиннің «Жайлауда» (1948), «Халық бақыты үшін» (1953), «Колхоз тойы» (1954), симфониялық поэмалары, «Гүлденген Қазақстан» атты симфониясы (1961) мен до мажорлық 2- симфониясы (1963), «Жастар маршы», «Жастық шақ» тағы басқа ән- хорлары бар. Қапан Мусин драмалық спектакльдерге,16 кинофильмдерге музыка жазды.
Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері 1970 жылы 21 сәуірде Алматыда қайтыс болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *