ДЕФЕКТОСКОПИЯ

ДЕФЕКТОСКОПИЯ (латынша «дефектус – кемшілік, ақау» + … скопия») – материалдар мен бұйымдар ақауын оларды бүлдірмей анықтауға арналған әдістер жиынтығы. Бұл әдістің негізіне рентген, инфрақызыл, ультракүлгін, гамма-сәуле, радиотолқын, ультрадыбыс толқындары, магниттік және электрстатикалық өріс т.б. әсер етуші материалдың физикалық қасиеттерін зерттеу алынған. Р е н т г е н — дік – дефектоскопия әдісі рентген сәулелерінің материалға жұтылу құбылысына негізделген. Материал ақауларынан (саңылау, қуыс, басқа материалдар қоспасы, т.б.) өткен рентген сәулелерінің қарқындылығы әртүрлі шамаға өзгереді. Осы өзгерісті тіркей отырып, ақаудың материал ішіндегі орнын анық-

Рентгендік сәуле арқылы ақауды табу сұлба-

тауға болады. Гамма–дефекто- сы: 1 – рентгендік сәуле көзі; 2 – рентгендік скопия жасанды радиоактивті изо- сәуле шоғы; 3 – зат; 4 – заттың ішкі ақауы; 5 – заттың рентгендік бейнесі; 6 – рентгендік

  топтардан (кобальт, иридий, т.б.) тара-             бейне тіркеуіш.

латын (шығатын) гамма-сәулелерінің материалдан өтуі кезінде әртүрлі дәрежеде жұтылуына негізделген. Металл емес материалдардың беттік ақауларын тексеруге сантиметрлік және миллиметрлік диапазондағы радиотолқындарды пайдаланатын дефектоскопия түрін радиодефектоскопия деп атайды. Қыздырылған заттардың сапасын тексеруде инфрақызыл сәулелердің материалдан шағылысуы, өтуі немесе одан таралатын сәулелерді тіркеу арқылы іске асырылатын инфрақызыл сәулелік дефектоскопия пайдаланылады. Ақау ерекшеліктеріне сәйкес материал бетіне зарядтар топтасуына негізделген электрстатикалық дефектоскопия да бар. Бұл тәсіл оқшаулау жұмысында жиі қолданылады. Капиллярлық күш әсерінен сұйықтың саңылаудан өту құбылысына негізделген капиллярлық дефектоскопия арқылы көзге көрінбейтін беттік ақауларды табуға болады. Магниттік дефектоскопия ферромагниттік металл және металл қорытпалардағы ақау маңында магнит өрісінің өзгеруіне негізделген. Ультрадыбыстық әдісте ультрадыбыстық тербеліс арқылы бұйымның біртектілігі тексеріледі, сондай-ақ қаңылтырдың, құбырдың қалыңдығы анықталады. Материалдардың беттік ақауларын бақылауға лазер сәулесі де пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *