
Дыбыстық қаттылық деңгейі – жиілігі 1000 Гц таза дыбыстық қысымның (децибел өлшеміндегі) деңгейі.
Ферми деңгейі – абсолюттік нөл температура маңындағы фермиондардың орналасқан ең жоғарғы энергиялық деңгейі. Итальян физигі Энрико Фермидің (1901 – 1954) құрметіне аталған.
Энергиялар деңгейі – кванттық жүйе энергиясының мүмкін болатын мәндері.
Энергияның айныған деңгейі – кванттық жүйенің айну күйіне сәйкес болатын энергия деңгейі.