ӘБУ ИСХАҚ ӘЛ-ИСТАХРИ, Әбу Исхақ ибн Мұхаммед әл-Фариси әл-Истахри (шамамен 850, Иран — 934) — географ.930 — 933 ж. Әбу Зеид әл-Балхидің 920 ж. жазылған географиялық шығармасын қайта өңдеген. Иран, Арабия, Сирия, Мысыр т.б. шығыс елдеріне жасаған саяхаттары негізінде көптеген шығармалар жазған. Еңбектерінің белгілісі — “Сууар әл-ақалим” (“Аймақтардың шет жақтары”) атты түсініктеме жазулары бар карталар мен атластар жинағы. Бұл еңбек Әбу Исхақ Әл-Истахридің араб классикалық географиясының үлгісін және оның дамуындағы статистикалық география сипаттаудан баяндау бағытына ауысқан кезеңін білдіретін “Китаб масалик әл-мамалик” (“Мемлекеттерге барар жол кітабы”) шығармасының бір бөлігі болып табылады. Кітапта Орта Азия мен Қазақстан қалаларының аттары аталып, олардың орналасқан жері, топографиясы, жол қатынасы туралы нақты деректер келтіріледі.