ӘБУ ЖҮСІП ӘЛ-КИНДИ немесе Әбу-Юсуф Иакуб ибн Исхақ әл-Кинди 

ӘБУ ЖҮСІП ӘЛ-КИНДИ немесе Әбу-Юсуф Иакуб ибн Исхақ әл-Кинди (800, Басра — 860/879) — араб философиясының негізін салушы, араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие.Өскен жері — Бағдат, Басрада білім алған. Зерттеушілер оның 238 трактаты болғанын айтады. Содан біздің заманға жеткені — 29. Екі бөлімнен тұратын “философиялық трактаттары” Египетте М. А. Әбу-Ридтың басшылығымен 1950, 1953 ж. жарық көрді. Еуропада латын тілінетәржімаланды. Әл-Киндидің “Аристотель еңбектері және олардың философияны меңгерудегі қажеттілігі”, “Алғашқы философия туралы”, “Пайда болу мен жойылудың бізге түсінікті себептері туралы” және “Заттың (субстанцияның) бес мәні туралы” трактаттары ерекше бағалы.

Әл-Киндидің еңбектері философияның дамуына зор ықпал жасады. Италиян ғалымы Карден оны әлемдегі үздік жиырма ойшылдың бірі деп атаған. Ол Аристотель шығармаларын араб тіліне аударып, түсініктеме жазды. Сол замандағы озық дүниетанымдық ағым — мутазилиттер көзқарасына сәйкес әлемнің пайда болуы, жаратылуы туралы құнды пікірлер айтқан. Материя, форма, қозғалыс, кеңістік, уақыт, субстанция, сан, сапа сияқты ұғымдарға терең талдау жасаған. Философияның мақсаты мен қызметі туралы нақты тұжырым жасап, оның білім саласындағы орнын анықтауға үлкен үлес қосқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *